Жаңалық

«Шілдехана» қашан тойлана бастады?

Қазақ шілдехананы қанша күн тойлайды, дәстүр бойынша неше күнге созылуы қажет, онда қандай әндер орындалады? Қызықтырса, мархабат!

«Сәби келді өмірге,

Сәби келді!

Бір күй кернеп, шалқытты ән іргемді.

Анасы аман босанды, қалжа жесін,

Ат ұстайтын азамат бар үйде енді»

Ертеде «шілде күзет» тойы дәл осы сықылды өлең жолдарымен басталған.

Балақайдың ең алғашқы мерекесін тойлау мерзімі

Шілдехананы тойлауда тиістеніп қалған ереже, қатып қалған қағидат жоқ. Жаңа босанған анаға арнайылап қалжа сойылады. Ертесінде үйге қонақтар үйіп-төгіледі. Үй иесінің шамасы жетіп жатса, кейде тойды үш күннен асып та думандатқан.

Шілделіктің гимніне айналған ән.

Кең дастарқан жайылған шаңырақта қариялар ет жеп, жастарға ақ батасын береді. Келесі бөлмеде жастар жағы ойын ойнап, көңіл көтереді. Осылай дүниеге келген нәресте мен оны тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтерген аяулы анасына арнап сауық-сайран құрылады. Мерекелік кеш таңға дейін жалғасын табады. Оң қолынан өнер тамған дарындылар тобы ән айтып, домбыра шертеді. Сондағы жиі шырқалатын ән «Бөбек» деп аталады. Білгенге – маржан: шілдехана қазақ халқында дәстүрлі ойын-сауық мерекесіне кейінірек айналған. Оған дейін шақалақ пен анасы жататын бөлме қатаң күзетілген. Сондай-ақ күні-түні ол бөлменің жарығын өшірмей, шам жағып қойған.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button