Жаңалық

«Қоғам және біз: ар қымбат па, атақ қымбат па?»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі.  Болашақтың нақты бағытын көрсететін маңызды құжат. Осыны ескерген Ақтоғай ауданы Нығманов атындағы орта білім беру мектебінің ұжымы «Қоғам және біз: ар қымбат па, атақ қымбат па?» алаңын ашып, ұлт болашағы – білімді жастарға сара, дара  жол сілтеді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында мектепте «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «JEBE» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Қоғам және біз: ар қымбат иа, атақ қымбат па?» тақырыбында ашық алаң өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қазақы тәрбиені дәріптеу болып табылады.

Аталмыш іс-шараға қарашаңырақ, Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ-музыкалық драма театрының атынан белгілі актер Руслан Нығман, облыстық Халық радиосының директоры Жұмабек Сманов, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі, бірлестік мүшесі Алпысбай Хонж, бірлестік төрағасы Данияр Жұмаділ қатысты.

Іс-шара барысында мектептің 9-сынып оқушысы, «Еріктілер» тобының көшбасшысы Тұрсынбай Ерасыл Серікбайұлы әлеуметтік желідегі қазіргі жастардың адами құндылықтарын аяқ асты етіп, жеңіл жолмен ғұмыры қысқа «атаққа» қол жеткізіп, Абай атамыз «Пайда ойлама, ар ойла» деп айтқандай, «Бәрінен де ар қымбат» деген ойға тоқталды.

Пікірталастан кейін оқушылар үш топқа бөлініп, секциялық шараларға қатысты. Онда актерлік шеберлік, журналистика, ақындық бойынша шеберлік сағаттары өткізілді. Аталмыш шеберлік сабақтарын журналистика бағытында Данияр Жұмаділов, актерлік шеберлік бағытында Руслан Нығманов, поэзия бағытында Алпысбай Хонж өткізіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара нәтижесінде Ақтоғай ауданының «JEBE» қоғамдық бірлестігінің филиалына мектептің жоғарғы сынып оқушылары салтанатты түрде қабылданып, «JEBE» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып аудан көлемінде маңызы бар іс-шаралар өткізеді.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button