Жаңалық

Жасампаз жандардың жеті дағдысы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» оқулығының мазмұнын талқылау мақсатында байқау өтті.

Шараға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының РМҚК Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкері, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен Педагогика және психология факультетінің деканы бастаған ұжым қатысты.

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен бұл байқауға факультет студенттері белсене атсалысты. Аталған оқулық 13 ақпаннан бастап Facebook әлеуметтік желісінде қызу талқылануда. Флекшбук бүгінге дейін 303 пікір, 142 лүпіл жинап, 103 рет бөлісілді. Бұл көрсеткіш – студенттердің оқулықтың мазмұнымен таныс екендіктерінің дәлелі.

Байқаудың негізгі мақсаты – Стивен Р.Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабына талдау жасап, тұлғаны дамытудағы көптеген сұрақтарға жауап іздеп, жастарды көшбасшылыққа үйрету.

Байқау барысында «Әлеуметтік педагогика» және «Дефектология» мамандығының 1-4 курс студенттері «Дағдыларды меңгеру» тақырыбында постер қорғау, «Ойлы болсаң, озып көр» (кітап бөлімдерін талдау), «Білімді мыңды жығар» (ұсыныстар). кезеңдер бойынша сайысқа түсіп, кітап жайлы өз білімдерімен бөлісті.

Әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалап, жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар мен марапаттар табыстады.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button