Жаңалық

Жаяу жүргіншілер назарына!

Қазақстан Республикасының Президенті – Қ. Тоқаевтың Жарлығымен «2020 жыл – Волонтер жылы» болып бекітілуіне байланысты ағымдағы жылдың 26 ақпанында Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «Саулық» бағыты бойынша «Жаяу жүргіншілер назарына!» атты жаяу жүргіншілер жолдарына (зебра) ескертпе жазуларын жазды.

Ескертпе жазулары жалпы қала аумағында адам көп шоғырланған 26 өткелге жазу жоспарлануда.

Аталмыш шараның мақсаты жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы азаматтарға ескерту болып табылады. Мәселен, жастардың көбі құлаққап тағып алып, жүргізушілердің дыбыстық сигналдарын естімейді. Салдарынан өкінішті жағдайлар орын алады. Сонымен қатар, мұнда ата-аналардың да жауапкершілігі маңызды рөл атқарады.Себебі жолдан өтер кезде телефонға телмірген ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне баса назар аударуы қажет. «Сақтансаң сақтайды» деген бабалар сөзін негізге ала отырып, еріктілер жылында жобалық офис қызметкерлері жаяу жүргіншілер жолында «Құлаққаптарыңызды шешіңіздер», «Балаңызды қолынан ұстаңыз» атты жазбалар қалдырды.

Жамбыл облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button