Жаңалық

«Он саусақ» балалар сурет көрмесі шақырады!

Ақпан айынан бастап «Алақай» қуыршақ театры мен «Мастерская счастья» сурет мектебінің ұйымдастыруымен «Он саусақ» балалар сурет көрмесі өтуде.

Көрме «Алақай» қуыршақ театрының фойе залында көрермен назарына ұсынылып отыр. Байқауға 30-ға жуық бүлдіршіндер қатысты.

7 наурыз күні «Алақай» қуыршақ театрында аталған сурет байқауының марапаттау рәсімі өтті. Шараға қатысушылар мен олардың ата-аналары қатысты. Марапаттау рәсімінің соңында «Мастерская счастья» сурет мектебінің жетекшісі Акчурина Лейла сөз алып: «Бұл суреттер – сіздердің балаларыңыздың ішкі әлемі. Көркем әлемі. Олар өмір сүретін көркем әлем. Осы әлемді жоғалтып алмау үшін біз қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек», – деді. Сонымен қатар «Алақай» қуыршақ театрының директоры Құрманалина Әсия Тәжібекқызына осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болғаны үшін алғыс білдірді.

Кеш соңы байқау қатысушылары мен олардың ата-аналары тамашалаған «Алақай» қуыршақ театры әртістерінің сахналауында жапон халық ертегісі желісімен қойылған «Аспандап ұшқан ақ тырна» спектаклімен өз мәресіне жетті.

Бұл көрме наурыз айының соңына дейін жалғасатынын хабарлаймыз. Кез келген уақытта театрымызға келіп сурет көрмесін тамашалап, театр қойылымдарын көруге шақырамыз!

Ақтөбе облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button