Жаңалық

Академик Ө.А. Жолдасбековты еске алу күні өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлын еске алу күні өтті.

Шараны механика кафедрасының 85 жылдық мерейтойын мерекелеудің бастамасы ретінде механика кафедрасы ұйымдастырды. Академик Өмірбек Арысланұлын еске алуға Механика және машинатану институтынан шәкірттері, Сәтбаев университетінің профессорлары, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен қонақтар, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары, механика кафедрасының профессорлары мен оқытушылары, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің студенттері қатысты. Іс-шараның салтанатты бөлігі академик У.А. Жолдасбеков туралы деректі фильм көрсетуден басталды. Ғалымды еске алу үшін қонақтар бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсетті. Сондай ақ, механика кафедрасының докторанттары студенттер арасында академик Ө.А. Жолдасбековтің өміріндегі негізгі күндер мен оқиғаларға қатысты викторина өткізді.Еске алу күні оқу ордасының профессорлары Академиктің білімге, ғылымға сіңіргені еңбектерін жоғары бағалап, студенттердің алдында ғалым атаға алғыстарын білдірді.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button