Жаңалық

«Тұмар 2020» сыйлығының финалистері анықталды

11 наурыз күні ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде IV «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды.

Құрамына медиа индустриясының отандық және халықаралық өкілдері енген қазылар алқасы өз категориясы бойынша үздік атағына қырық үміткерді іріктеп алды, 13 наурыз, алдағы жұма күні Казмедиа Орталығының Конгресс-холлында естелік статуэтка мен бір миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық иегерлерінің есімдері белгілі болады.

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығы 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (ҚР АҚДМ) бастамасы бойынша тағайындалған. Бірнеше жылдың ішінде отандық телевизиялық журналистиканың 36 маманы эксклюзив мүсіншенің иегері болды.

Жеңімпаздар қатарынан саланың майталмандарын да, жас, болашағынан үміт күттіретін және кәсібилігі аса жоғары адамдарды да кездестіруге болады.

ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, «Тұмар» Ұлттық сыйлығы жоғары кәсіби стандарттардың жарқын сипатына айналды, сонымен қатар, телевизия қызметкерлерінің шығармашылық ізденістеріне оң мотивация сыйлап, саланың дамуына және өз ісінің шеберлері арасында адал бәсекелестіктің өсуіне серпін берді. Биыл жобада 10 номинация бойынша 211 жұмыс қабылданды. Өтінімдердің көп бөлігі «Үздік әлеуметтік жоба» және «Үздік деректі фильм» номинациялары бойынша келіп түсті, ал «Үздік телевизиялық сериал» номинациясында Қазақстанның төрт бірдей жетекші телеарнасының танымал сериалдары статуэткаға таласпақ».

Л. Сүйіндік атап өткендей: «Жыл сайын жұмыстардың сапасы жақсарып келеді, мысалы, телесериалдар тек тв-эфирге ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілерге де бағыттала бастады. Өзекті тақырыптар көбірек қозғалып, жаңа форматтар енгізілуде».

Жоба жүзеге асып келе жатқан жылдар ішінде 898 қатысушы сыйлыққа ие болу үшін ниет танытты, олардың 138-і шорт-парақтарға енгізіліп, бас жүлде – белгілі зергер-суретші Қамбар Есмұхановтың жезден және әйнектен жасалған эксклюзивті «Тұмар» мүсіншесі үшін таласты. Мүсіншеде сенім бойынша иесін жамандықтан және көз-сұқтан қорғайтын түркі талисманы – тұмар бейнеленген.

Төртінші «Тұмар» бәйгесі ерекше болмақ – Ұлттық бәйгенің қазылар алқасының мүшесі, танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы осылай пікірімен бөлісті.

Медиа-менеджердің айтуынша, іс-шараны ұйымдастыру комитеті өткен жылдардағы қазылар алқасы мен кәсіби қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, биылдан бастап «Тұмар» мүсіншесіне миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы тағайындауды шешті. Оған қоса, байқау тарихында тұңғыш рет қазылар алқасының құрамына тек қазақстандық телевизия мамандары ғана емес, халықаралық деңгейдегі сарапшылар да енді.

Евгения Власова, тележурналист, ТЭФФИ сыйлығының иегері, New York Film Academy оқытушысы, «Тұмар 2020» сыйлығының қазылар алқасының мүшесі, өзінің видео үндеуінде: «Байқауға қатысуға ұсынылған қазақстандық сериалдар халықаралық деңгейге шыға алады. Тележобаларды бағалағаннан кейін сіздерге өз телевизияның бірегейлігімен әбден мақтануларыңызға болады деп сенімді түрде айта аламын, мен мұндай үйлесімді қостілділікті әлемнің еш жерінен кездестірген емеспін. Хабар таратудың қос тілі, қос мәдениет, әрі бір мақсатқа асқан жылдамдықпен ұмтылған бір халық, бір ел», – деп түйіндеді Э. Власова.

Бәйгенің ұйымдастырушыларының бірі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры бас директорының орынбасары, танымал тележурналист Махаббат Есен айтқандай: «Ұлттық бәйгенің мақсаты – кәсіби мамандармен әділ бағалауды ұйымдастыру арқылы қазақстандық телеиндустрияның дамуына септік болу. Бұл дегеніміз қазылар алқасының алдында күрделі тапсырма тұрды – берілген жобалардың барлығын қарап-талдау және оларға әділ баға беру, бұл бағалау саладағы үздіктерді тануға, олармен мақтануға және үлгі етуге үлкен септік».

«Тұмар» 2020ж. Шорт-парағына енді:

Үздік телевизиялық сериал:

1.      «Аналық сезім» («31 арна» телеарнасы)

2.      «Орбұлақ шайқасы» («QAZAQSTAN» телеарнасы)

3.      «Келинжан» («Kazakh TV» телеарнасы)

4.      «Bir toqsan» («Gakku» телеарнасы)

Үздік декерті фильм:

1.      «Легенда марафона. Ощущение личной свободы» («Qazsport» телеарнасы)

2.      «Тайны. Судьбы. Имена» («Хабар» телеарнасы)

3.      «Соседи» («ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасы)

4.      «Dreamer» («Арманшыл») («Kazakh TV» телеарнасы)

Үздік ток-шоу:

1.      «Ashyq alan» («QAZAQSTAN» телеарнасы)

2.      «Астарлы Ақиқат» («КТК» телеарнасы)

3.      «Большая неделя» («Хабар» телеарнасы)

4.      «AITARYM BAR» (ASTANA телеарнасы)

Үздік ойын-сауық бағдарламасы:

1.      «Central Asia’s Got Talent» («Хабар» телеарнасы)

2.      «Біздің ауыл -2» (ASTANA телеарнасы)

3.      «С миру по нитке» (ҚР «МИР» телеарнасы)

4.      «Жұлдызды жекпе-жек» («Хабар» телеарнасы)

Үздік ақпараттық бағдарлама:

1.      «AQPARAT» («QAZAQSTAN» телеарнасы)

2.      «Главные новости» («Первый Канал Евразия» телеарнасы)

3.      «Большие новости» («КТК» телеарнасы)

4.      «Новый курс» («Хабар» телеарнасы)

Үздік тележүргізуші:

1.      Игисинов Ерлан («Хабар» телеарнасы)

2.      Жақсылықова Жайна («QAZAQSTAN» телеарнасы)

3.      Тулепбергенова Дина («КТК» телеарнасы)

4.      Калиева Салтанат («Basdala Group» ЖШС продюсерлік орталығы)

Үздік тележурналист:

1.      Бекхожин Ерлан («Хабар» телеарнасы)

2.      Журкевич Олег («Первый Канал Евразия» телеарнасы)

3.      Қаженов Аслан («Хабар 24» телеарнасы)

4.      Айдаболова Самал («QAZAQSTAN» телеарнасы)

Үздік режиссерлік жұмыс:

1.      «Колыбель тюркского мира» (Виталий Попов, «МИР» телеарнасы)

2.      «Trails of nomads» (Қожабеков Қуаныш, «Kazakh TV» телеарнасы)

3.      «Абайды оқы, таңырқа» (Копбаева Жансая, ASTANA телеарнасы)

4.      «Соседи» (Попов Руслан, «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасы)

Үздік әлеуметтік жоба:

1.      «Дау-дамайсыз» («КТК» телеарнасы)

2.      «Проверено/ Тексердiк» («Хабар 24» телеарнасы)

3.      «Акимы / Әкiм» («Хабар 24» телеарнасы)

4.      «Анашым, біз үйдеміз» («31 арна» телеарнасы)

Үздік аймақтық телеарна:

1.      «Алау-ТВ» телеарнасы

2.      «Отырар TV» телеарнасы

3.      «Алматы» телеарнасы

4.      «SARYARQA» телеарнасы («Қазақстан» РТРК)

«Тұмар» телевизиялық бәйгесінің салтанаттың кеші 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан қ. Сағат 17:30 «Қазмедиа орталығы» киноконцерт холлында өтеді.

Салтанатты кеш жүргізушілері: танымал актер – Чингиз Капин және еліміздің танымал тележүргізушілері – Азамат Әбілқайыр, Анна Данченко және Амината Айша Уэдраого.

Барлық қоымша ақпарат tvtumar.kz. сайтында

Ұлттық бәйге ұйымдастырушы комитетінің байланыс құралдары:

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button