Жаңалық

Сығанақ қалашығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізіледі

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы аумағында орын тепкен Сығанақ қалашығын алдағы уақытта ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Айта кеткен жөн, Сығанақ қалашығы Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғасырлар), Ақ Орда (ХІІІ-ХІV ғасырлар) және Қазақ хандығының (ХV-ХVІІ ғасырлар) астанасы және Ұлы Жібек жолының сауда орталықтарының бірі болған. Ортағасырлық қала орны Қызылорда облысы, Төменарық тау жыныстары стансасының солтүстік-батыс жағында 10 шақырым жерде орнласқан. Сығанақ қаласы туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы «Худуд әл-Әлемде»  кездеседі. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанаққа көшпелі елдер мал, ет, тері, жүн, т.б. әкеліп, өздеріне қажетті заттарын алған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты «Қыпшақ даласының гаваны» деп атаған.

Қызылорда облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button