Жаңалық

«Өзгерістердің саруарлары» акселераторы онлайн-режимге ауыстырылды

«Төтенше жағдай мен елде енгізілген карантинге байланысты акселератордың жұмысы онлайн-режимге көшеді», – деді «ҚҚДИ «Руханижаңғыру» КЕАҚ талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі және жобаның кураторы Людмила Бурлаченко.

«Акселератор бағдарламасы аясында вебинарлар сериясын өткізу жоспарлануда. Стратегиялық сессиялармен жұмыс топтары да онлайн өтетін болады».

Сарапшы атап өткендей, «акселерация бағдарламасы әрбір жобаның қажеттіліктеріне бейімделеді, осы кезеңде дамудың жеке жоспарларын қалыптастыру, жаңа тәсілдер мен форматтарды басқаруға дайындалу, жобаларды масштабтау үшін технологиялық пакеттерді қалыптастыруды бастау аса маңызды».

Оның айтуынша, онлайн-режимде жұмыс істеу болашақта ақселератордың қызметін кеңейту, мұндай жұмыс тәжірибесін өңірлерге тарату үшін маңызды.

«Біз қалыптасқан жағдайды осы процесті жеделдету үшін пайдаланамыз», – деді Бурлаченко.

Естеріңізге сала кетейік, 14 және 15 наурызда «Өзгерістердің саруарлары» жобасы аясында алғашқы сессиялар өтті.

Сарапшылар жобалардың көшбасшылары мен жұмыс істей бастады, жобалық командалардың әлеуетін анықтады, тұрақты даму мен масштабтау жолында әрбір жобаның қажеттілігін жинақтады.

«Өзгерістердің саруарлары» әлеуметтік жобалардың акселераторын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты өткізеді. Акселераторға енген жобалар масштабтау, ақпараттық қолдау, қаржыландыру көздерін іздестіруде, бизнес-жоспарды әзірлеуде, жаңа серіктестер мен зәкірлі ұйымдарды іздестіруде жәрдемдесу мүмкіндігіне ие болады.

ҚҚДИ – қазақстандық қоғамдық даму институты. «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асырудың барлық қатысушыларының тиімді қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін құрылды. Бағдарламаның арнайы жобасына кіретін «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Латын әліпбиіне көшу», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» бағдарламалары бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button