Жаңалық

Павлодарда кеңес беру «порталы» іске қосылды

 Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үш жыл толады. Бағдарламаның аты айтып тұрғандай, мұндағы басты мақсат – қоғамдық сананы өзгертіп, рухани тұрғыда жаңғыру. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы сынды ұғымдар қазіргі Қазақстан қоғамына қажетті құндылықтар ретінде көрсетілген.

Әрине, үш жылдың ішінде осы бағытта көптеген іс-шаралар мен ірі жобалар жүзеге асты. Ендігі кезекте әр шараның сапалы түрде жүзеге асуы үшін көпшілік болып күш салуымыз керек. Осыған орай Павлодар облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі жобалар мен іс-шаралардың халық арасында стратегиялық тұрғыда тиімді құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған кеңес беру «порталын» іске қосты.

Аталмыш порталда аудандар мен қалаларда әр айда өткізілетін облыстық желілік кестеге іріктеліп, республикалық медиа гридке ұсынылған іс-шаралардың ұйымдастырушыларымен кездесіп, өткізілетін іс-шараларды талқыланады. Талқылау барысында тəжірибе алмасу мен ой бөлісу жүзеге асады. Белсенділік танытқан қатысушыларымыздан ұсынылған іс-шаралар қызуғанды талқыға түсіп, ортақ қызықты да инновациялық идеялар айтылса, ал кейбір іс-шараларға түзетулер мен ұсыныстар беріліп, әрі қарай жұмыс жасауға бағытталады.

Кеңес беру порталы басталғаннан бері 100-ден астам адамды қамтыды. Оның ішінде мемлекеттік сектордың,білім беру, мәдениет бөлімінің өкілдері бар.

Қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нүрия Кубенова Елбасы мақаласындағы бағдарламалар, міндеттер мен жобалардың өзектілігіне тоқталып, бағдарламаны іске асыру қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық алты бағытын қамтитын 13 арнайы жоба бойынша жүргізілетінін атап өтті.

Бөлімнің кеңес беру «порталы» қатысушылардың қоғамдық санасының жаңғыруына өз үлесін қосуда және нәтижесін көрсетуде.

«Порталдың» басталуының арқасында республикалық медиа-гридке ұсынылған жобалар мен іс-шаралар «Ruh.kz» ақпараттық-танымдық порталы, Хабар 24 телеарнасы, «Pavlodarnews.kz» ақпарат агенттігі, «Ertis» TV телеарнасы, «Ирбис» арнасы, және т.б БАҚ құралдарында жарияланып тұрады.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button