Жаңалық

Шымкенттік еріктілер төтенше жағдайда тұрғындарға көмек көрсетті

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Шым қалада адамдар жиі шоғырланатын жерлерге шыға алмайтын жалғызбасты қарияларға волонтерлер 50 азық-түлік себетін тарқатты.

Еріктілер «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында, тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін қарияларға үлестірді.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін «Арбат алаңы» мен «Орталық саябақта» еріктілер 1000-ға жуық азаматқа коронавирустан сақтану ережелері туралы ақпараттық парақшалар таратты.

Волонтерлер дәріханаларда сұраныстың артуына байланысты тапшы кездесетін 1000 дана медициналық масканы таратуды да ұмытпады.

 

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button