Жаңалық

1965 жылы табылған коронавриус COVID-19 емес

Коронавирустан қорықпай, жұмысқа, көшеге шығыңыздар деп айту – іріткі салу. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазір коронавирус ешқандай жаңа ауру емес, ол 1965 жылы анықталған және адамдардың 70%-ында оған қарсы иммунитет бар деген ақпарат таралуда. Бұл жерде ескеретін мәселе бар. Дәрігерлер мен мамандар мені толықтырады деп ойлаймын. Коронавирус – ол вирус тұқымдасы. Оған 40-тан астам вирус кіреді. Атипиялық пневмония – бұл да коронавирус. Таяу шығыс респираторлық синдром – ол да коронавирустың бір түрі. Шынында, 1965 жылы осындай вирустың алғашқы түрі табылған. Бірақ, ол COVID-19 емес. Сондықтан, қазір коронавирустан қорықпай, жұмысқа, көшеге шығыңыздар деп айту – іріткі салу. Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы ешқандай иммунитет жоқ. Санитарлық талаптарды сақтап, үйде отыру керек», – Дәурен Абаев Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.

madeniportal.kz

Басқа материалдар

Back to top button