Жаңалық

Қазақстандағы әлемнің сегізінші кереметі

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған.

Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Кесене портал және күмбездерден құралған тікбұрышты ғимараттардан тұрады. Бүгінгі таңда жақсы сақталған кіре беріс ғимараттағы жазбада «Бұл киелі орын Алланың сүйікті құлы, әмірші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған – Алла оның әмірін мәңгілік етсін!» деп жазылған.
1398 жылы Темірлан (Әмір Темір) Алтын Орда және оның ханы Тоқтамыспен шайқаста жеңіске жетті. Осы оқиғаның құрметіне ол дала жаһанының рухани және саяси орталығы, Ұлы Жібек жолының көне қалаларының бірі, қазақ хандарының астанасы Түркістандағы Ясауидің көнеріп кеткен кесенесінің орнына мемориалды кешен тұрғызбақ болады. Темірланның өзі болашақ кесененің жобасын құруға қатысып, әсіресе, ғимараттардың өлшемдерін анықтап, сондай-ақ кейбір декоративті бөліктерге байланысты тапсырмалар беріп отырған деседі. 1405 жылы Темірлан дүниеден өтті және кесене құрылысы жұмыстары тоқтап қалды. Қабырғаларда әлі күнге дейін ағаш бөренелер мен құрылыс ағашының қалдықтары байқалады.

Түркістан облысы

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button