Жаңалық

Зеренің шын аты кім?

Ұлы Абайдың өлең-жырға әуестігін шыңдаған оның әжесі – Зере. Зере жасынан ерекше жан болған деседі. Зере қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданын мекендейтін Матай руы, оның Қойкел тармағынан шыққан. Қойкелден Бектемір, Бектемірден Жанәлі деген ұл, Тоқбала атты қыз туады. Зере – осы Тоқбала.

Зере аталуы туралы әртүрлі деректер келтіріледі. Б. Сапаралы: «Бір болжам бойынша қыз бала күнінен тіл-көзден сақтайды деп құлаққа сырға, мұрнына зере сырға салып жүргендіктен шыққан дейді. Екінші бір дәлелдемеге жүгінсек, «Зере» деп өзі ұзын, іші қуыс, сәукелемен киетін қыз-келіншектер бас киімін атаған екен. Ал ертеректе бір қабат киім сыртынан киетін сауыт та «Зере» деп аталыпты», – дейді.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button