Жаңалық

«Тіл-Қазына» орталығы байқау жариялайды

«Қазақы терминдерді халық жасайды» онлайн байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқау жариялайды.

Байқау 2020 жылдың 1-18 сәуір аралығында онлайн режімде өтеді.

Байқаудың мақсаты – ұлттық терминжасамның өзекті мәселесін тиімді жолмен шешу, сәтті термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау және қолдау.

Республикалық байқау ережесі:

І кезең. Байқауға қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру парағын» (Визиттік карточка) 1-5 сәуір аралығында termincom2020@gmail.com электронды адресіне жолдауы тиіс.

Байқауға қатысушылар www.tеrmincом.kz сайтындағы https://termincom.kz/alan электронды алаңға тіркеліп, 5-10 терминге балама ұсынуы шарт.

ІІ кезең. 7-12 сәуір аралығында өтеді. Мұнда бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына тұрмыста жиі қолданылатын 10 шеттілдік терминнің қазақ тіліндегі сәтті аудармасын жасау тапсырылады. Тапсырма https://termincom.kz/alan-да 7 сәуір күні жарияланады. Бұл ретте бағалау көпшілік дауысы арқылы және қазылар алқасының пікірімен шешіледі.

ІІІ кезең. 13-18 сәуір аралығында өтеді. Соңғы айналымға екінші кезеңнен іріктелген азаматтар қатысады. Олар белгіленген уақыт аралығында мәтін ішіндегі салалық терминдердің қазақы баламасын жасауы тиіс (термин саны 15-20).

Қазылар алқасы:

– терминнің терминжасам әдістемесіне сәйкес болуына;

– терминнің лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс болуына;

– терминнің қазақ халқының дүниетанымдық, мәдени болмысын танытуға уәжді қызмет ету деңгейіне;

– салалық терминің дефинициясының ашылуына;

– терминнің барынша сөз тіркестерінен емес жеке сөздерден жасалуына;

– тиісті саладағы жоғары қолданыс деңгейінің ықтималдығына ерекше мән береді.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

– байқауға 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

– байқауға қатысушы өзін таныстыру парағын көрсетілген электронды адреске белгіленген уақытта жолдауы тиіс.

Байқау қорытындысы 20 сәуірде https://tilalemi.kz/ сайтында жарияланады.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес электрондық үлгідегі диплом, алғысхатпен марапатталады.

Байланыс телефондары: 87172204541, 87017950243, 87752816206.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button