Жаңалық

Қызылордада жаңа кітап жарық көрді

«Қазалы қазынасы: тарих тудырған тұлғалар».

Бұл жинаққа, тоғыз жолдың торабында орналасқан, Қазалы ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері мен қасиетті өлкедегі тарихи тұлғалары жайында ел ішінде сақталған әңгімелер енгізілген. Жаңа кітаптың басты жаңалығы, тарихи тұлғалар жайлы айтылатын деректі әңгімелердің біршамасы бұрын еш жерде жарияланбаған. Олар жайлы әңгіме-деректер, аңыз-әпсаналар ресми мәліметтермен біріктіріліп, халыққа ұсынылып отыр.

Аталмыш кітап Қазалы ауданы әкімдігінің бастамасымен, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының қолдауымен жарық көрді.

Қазалы қазынасы: тарих тудырған тұлғалар» тақырыбында жинақ әзірлеудегі басты мақсат ата-бабаларымыздың есімдерін ұлықтап, өмір тәжірибелерін жастар арасында насихаттау. Жинақ мазмұны «Тереңнен тартқан тамырын… (республикалық дәрежедегі ескерткіштер)», «Ұрпақтан-ұрпаққа аманат (жергілікті маңыздағы ескерткіштер)», «Алтын көмбе (алдын ала тізімге енген ескерткіштер)», «Суреттер сыр шертеді» деп аталатын 4 бөлімнен тұрады.

Кітап құрастырушылардың айтуынша, бұл жинақтың жалғасы шығатын болады. Сондықтан да олар бұл кітапқа бірінші басылым деген атау берген.

Бабалар рухына құрмет ретінде жарық көрген жинақ, ертеңгі ұрпақтың ой-санасына ықпал етері сөзсіз.

Қызылорда облысы,

 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button