Жаңалық

Шымкентте 76 мыңнан астам адамға тегін бетперде таратылды

Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтарға жалпы саны 76 255 бетперде тегін таратылды.

Мәселен, «Бекжан» базары маңындағы «Магнум» ірі сауда дүкендер желісінде Абай ауданы әкімдігі аталмыш супермаркеттен ай сайын азық-түлік есебінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 мыңдай отбасыға 32 мың дана бетпердені тегін таратты. Бұл акция тікелей мемлекеттік бюджет қаражатына ұйымдастырылды. Аталған акция алдағы уақытта да жалғасады.

Бұдан бөлек, Бәйдібек би даңғылы бойындағы «Nauryz park» сауда кешенінде Қаратау ауданы әкімдігі атаулы әлеуметтік көмек алатын 5 400 отбасыға тегін 5 дана бетпердеден үлестірді. Акция аясында 16 мың дана бетперде таратылды.

Еңбекші аудандық әкімдігі де аталмыш акцияға үлес қосты. «Теріскей» шағын ауданындағы «Магнум» ірі сауда дүкенінде әлеуметтік көмек алушылар тізімінде тұрған 3114 тұрмысы төмен отбасының әрқайсысына бес-бесеуден жалпы саны 15 570 көпреттік бетперде таратты.

Сондай-ақ игі шара Әл-Фараби ауданы әкімдігі тарапынан да ұйымдастырылды. Ескі қала аумағындағы «Магнум» сауда кешенінде осы дүкеннен әлеуметтік пакет ретінде ай сайын азық-түлік алатын 2537 жағдайы төмен отбасыға бесеуден тегін 12 685 бетперде берілді. Бұл көпреттік маскалар, сондықтан сабындап жуып, қайта қолдануға жарамды.

Айта кету керек, Шымкенттегі бұл игі іс сақтық шаралары аяқталғанға дейін жалғаса бермек.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button