Жаңалық

Айып табақты қашан тартады?

Дала кодексінің бір парағы

«40 жылда қазан, 50 жылда ел жаңа» деген мақал бар. Тұтас бір елдің дүниетанымы, салты, тіпті, өзі өзгерер алдында оның ас мәзірі, ас іші тәртібі, асы, дәм татыру жосындары өзгереді.

Бұл мысалдар біреуді еске салатын секілді… Жә, сөз – табақ тарту мәдениеті һақында. Қазақ үй жануарларын – «төрт түлік» дейді. Қой мен ешкі бір түлік те, қалған үш ірісі үш бөлек түлік болып есептеліп, барлығы төрт түлікті құрайды.

Малдың денесінде 2 мәкрүһ (бүйрек пен өкпесі), 9 харам (қаны, безі, жынысы, қуығы және т.с.с) бар делінген. Малды сойғанда, жіліктегенде 9 харамнан арылып барып, ет қазанға жеткен. Ал қазаннан табаққа салынатын мүшенің ішінде 2 мәкрүһ болмаған.

Жасы үлкен болсын, кіші болсын, хан болсын, қара болсын алдына келген табақтың ішінен не бір мәкрүһ, не бір харам көрсе, үй иесіне тоғыз тіркеуімен қоса тоғыз ірі қара айып қойған. Бұл тоғыз – үй иесінің айыбын жуып-шайғаны, мейманына берген ауызбастырғысы болып та есептелген.

Көбіне осындай кезде мейман үй иесіне «айып табақ» тартқызады. Бұл табақтың негізгі ерекшелігі: табаққа тартылар малды айып қоюшының көзінше сояды. Айып табаққа: жамбас, ортан жілік, омыртқа, сүбе, жауырын секілді кәделі мүшелерді салуға болады.

Айып табақты бір асқан отбасы келесі жолы мұндай қателерді жібермеуге тырысып баққан шығар-ау. Дана халықтың тоғыз ірі қара айып төлетуі дастархан мәдениетінің маңыздылығын көрсетеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button