Жаңалық

Атырау еріктілері тұрғындарға көмек көрсетуде

Індетке қарсы күрес үшін төтенше жағдай кезінде Азаматтық орталықтың бастамасымен Еріктілер штабы құрылды.

Төтенше жағдайдың алғашқы үш күнінде ерікті тігіншілердің көмегімен қала тұрғындарына 2029 дана маска сатылып, оның 10%-ы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылды. Бүгінгі таңға дейін 12269 дана маска тігілді.«Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы шеңберінде күні бүгінге дейін Атырау облысының Махамбет, Мақат, Қызылқоға, Исатай, Жылыой, Индер және Құрманғазы аудандары бойынша еріктілер тобының бастамасымен аудан тұрғындарына, такси жүргізушілеріне, әлеуметтік тұрғыдан осал топ мүшелеріне (аз қамтылған отбасы, мүмкіндігі шектеулі жандар және т.б) 3000-ға жуық медициналық маска тегін таратылды. Аталған аудандар бойынша еріктілердің бастамасымен, жергілікті демеушілердің қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен 120-дан астам отбасыға азық-түлік себеттері таратылды және етпен қамтамасыз етілді.

Төтенше жағдай кезінде Атырау облысының қоғамдық ұйымдары да сырт қалмады. «Қызыл жарты ай» қоғамдық ұйымының еріктілері аз қамтылған отбасыларға 250-ден аса тегін маска және азық-түлік себеттерін таратты. «Игі іске бастама» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін киім-кешек берді.«Атырау Рауан» қоғамдық қоры 100-ге жуық мұқтаж жанұяны азық-түлікпен қамтамасыз етті.«Самға жүрегім» қоғамдық қоры коронавирус пандемиясының алдын алу үшін «Өміріңді сақта» акциясын өткізді.

Еріктілер штабы 6 бағыт бойынша жұмыс жасайды:

1. Авто-еріктілері;

2. Медицина еріктілері;

3. Мониторинг жүргізетін еріктілер;

4. Рейдке шығатын еріктілер;

5. Ерікті тігіншілер;

6. Ерікті аспаздар.

Еріктілер штабы құрылған сәттен бастап 3 млн-ға жуық қор жиналып, әлеуметтік аз қамтылған 538 отбасы (538 отбасыға 2 млн 400 мың тг. жұмсалды) азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Азық-түліктің бір себеті 13 600 теңгеден 14 800 теңгеге дейінгі бағаны құрайды. Сондай-ақ, Атыраулық жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен 100 отбасыға, компания өкілдерімен 77 отбасыға азық-түлік себеті таратылды, «ҚызанақАгро»  ЖШС-інің қолдауымен 154 отбасыға көкөніс себеттері жеткізілді. Оның 22-сі Алға ауылындағы, 22-сі Алмалы ауылындағы және 60-сы Доссор ауылындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілді. «Техносервис» ЖШС-і 50 отбасыға антисептиктер таратты. Қала тұрғыны Ж. өз демеушілігімен әлеуметтік осал топтағы жандарға 880 дана маска әкеліп берді.

Атырау облысы

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Back to top button