Жаңалық

Алаш арыстарының еңбектері мультфильмде көрініс тапты

Алаш арыстарының балаларға арнап жазған еңбектері «Білімқұмар Бейбарыс» мультфильмінде көрініс тапты.

Ruh.kz порталы ұсына бастаған анимациялық мультфильм ата-анаға құрмет көрсетіп, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақырады. Балаларды білім мен ғылымға жақын болуға үндейді. Айта кетейік, аталмыш жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен іске асып отыр.
Порталдың Бас редакторы Азамат Байғалиұлының айтуынша, балаларға арналған контент әрі қарай да жалғасын табады:
-​«Алғашқы бөлімді Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының шығармасының негізінде жасап шықтық. Екінші бөлім Халел Досмұхамедұлының шығармасының негізінде дайындалды. Балаларға ұғынықты болуы үшін бірнеше кейіпкерді сөйлеттік. Бұл ана тіліміздің кең қанат жаюына, сондай-ақ жас буынды ізгілікке, мейірімділікке, білім үйренуге шақыратын контент», – дейді А.Байғалиұлы.
Мультфильм жыл аяғына дейін 6 түрлі тақырыппен ұсынылады. Жаңа туындыларды порталдың ресми YouTube арнасынан тамашалауға болады.

Басқа материалдар

Back to top button