Жаңалық

Сыртқы саясат жетістіктері

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде, сағат15.00 де «Президенттік басқару формасы: конституциялық негіз және саяси практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтеді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, ҚР Конституциялық Кеңесі, Сорбонна-Қазақстан институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтымен бірге «Президенттік басқару формасы: конституциялық негізі және саяси практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясын өткізеді.

Конференция Қазақстандағы президенттік институттың құрылғанына 30 жыл толуына арналған.

Іс-шараға Қазақстанның және бірқатар шет мемлекеттерінің (Ресей, Франция, Әзірбайжан және т.б.) жетекші ғалымдары: тарихшылар, саясаттанушылар, құқықтанушылар, ЖОО мен колледж басшылығы, магистранттар, докторанттар, мектеп мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысады.

Басқосуда президенттік институттың жұмысы арқылы тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктері талқыланады.

Конференцияға қосылу сілтемелері:
https://www.youtube.com/watch?v=6cxa–E1SyE&feature=youtu.be – қазақ тілінде;
https://youtu.be/agSRd-z45hM – орыс тілінде;
https://youtu.be/R-S9CMMRiLk – ағылшын тілінде.

Басқа материалдар

Back to top button