Жаңалық

«Жасыл ел» жастары Премьер-министрге үндеу жолдады

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы Премьер-Министр Асқар Маминге жолдаған үндеуінде мемлекеттік маңыздағы жолдар мен үйлер құрылысы жұмыстарына қатысуға дайындығын мәлімдеді.

2020 жылғы 27 сәуір күні Қазақстан жастарының конгресі мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы атынан Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ресми үндеу жолданды.

Ресми сауалға Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл пайдалануға берілетін республикалық маңыздағы жолдар көлемін арттыру туралы хабарлауы себеп болды. Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрылыс маусымын уақытында бастауды, құрылыс қарқынын жеделдету мен жоспарланған тұрғын үй көлемін уақытылы пайданалуға беруді тапсырған.

«Өңірлердегі жастар еңбек жасақтарының мемлекеттік маңыздағы құрылыс жұмыстарына қатысуы жастардың өздеріне жаһандық міндеттер артып, қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті сезіне алуына ынталандырады», – деді Азамат Данияр, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Республикалық штабының жетекшісі.

Сондай-ақ Республикалық штаб жасылелдіктердің осы бағыттағы тәжірибелерін атап өтті. Олар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автожолы мен EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандарының құрылысы, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» республикалық марафон-эстафетасын ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысқан. Алғашқылардың бірі болып «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мен «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарына жұмылдырылғандар қатарында Жасыл ел сарбаздары болған.

Байланыс үшін: +7 (778) 886 22 05, Ерғазы, Республикалық «Жасыл ел» ұйымының мүшесі

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button