Жаңалық

Алмас Алматов: Бірліктің арқасында елімізді гүлдендіріп отырмыз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрcұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында мәдени мұраларды ұлықтауды әрі оларды терең зерттеуді баршамызға тапсырған еді. Осы орайда ұлықты істерді іс жүзінде жүзеге асыру мақсатымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жырау Алмас Алматов «Жыр орталығын» ашуға осыдан 1 ай бұрын қолқа салған болатын.

Елдегі Төтенше жағдайға қарамастан орталық өз жұмысын онлайн режимде атқарып отыр. Осы уақытқа дейін «Жыр орталығының» қонақтары жыраулық өнердің бүгінгі ізбасарлары Амандық Көмекұлы, Фархат Беркінұлы, Күнсұлу Түрікпен, Қоныс Жүсіпов болды. Олар көрермендерге ата-бабаларынан жеткен мұраларын халыққа кеңінен таныстыру мақсатымен жырдан шашу шашты.

«Жыр орталығының» 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шығарылымында Алмас Алматов барша қазақстандықтарды тілегін арнады:

– «Қазақ елінің ғасырдан ғасырға созылған тарихында тоғыз тарау жол, тоқсан тарау тағдыр, қаншама ұлттар мен ұлыстар қазақ жерінде бас қосты. Аталарымыз: «Саусақтың басы бөлек болғанымен, білегі бір», – дейді. Біз бірліктің арқасында елімізді гүлдендіріп отырмыз. Сондықтан татулығыз жасасын, ағайын!», – деп кезекті жырын тыңдарман қауымға тарту етті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button