Жаңалық

Цифр дәуірі: онлайн, мобайл маркетинг

Цифрлық технологияның шарықтауы адамдардың байланысу, ақпарат алмасу, іс-шараларға қатысу және сауда жасау жолдары, жалпы алғанда, өмір сүру стилін түбегейлі өзгертті.

Әркім әр нәрсеге цифрлық түрде байланысқан ғаламдық орта – Заттар интернеті дәуіріне қош келдіңіз! Әлем халқының 46%-ы, яғни 3,3 миллиардтан астам адам онлайн отырады, ал Америкадағы ересектердің 64%-ында смартфон бар.

Цифрлық технология болашақта одан сайын қарыштап дами бермек, сәйкесінше бұл көрсеткіш те артады. Тұтынушылардың көбі цифрлық технологияға толықтай берілген. Мысалы, жүргізілген зерттеуге сәйкес, америкалықтардың 71%-ы ұйықтағанда ұялы телефонын жанына қойып жатады, ал 3%-ы телефонсыз ұйықтай алмайды. Соңғы бірнеше жыл ішінде АҚШ-та күніне әдеттегі теледидар көру уақытынан (4,5 сағат) цифрлық медиада отыру уақыты (5,25 сағат) асып түсті.

Бұл – цифрлық және мобайл технологияға берілген тұтынушыны тартқысы келетін маркетолог үшін тиімді платформа. Интернет және цифрлық, әлеуметтік медиадағы маркетингті толық игеріп алғанына таңғалудың қажеті жоқ. Цифрлық және әлеуметтік медиадағы маркетинг – тұтынушыларды компьютері, смартфоны, планшеті, интернетке қосылған теледидары және басқа да цифрлық құрылғылары арқылы веб-сайттарға әлеуметтік медиа, мобайл жарнама мен қосымшалар, онлайн видео, электрондық пошта, блогтар және басқа да цифрлық платформаларды пайдаланып, кез келген жерден кез келген уақытта тарту. Бүгінде әр компания тұтынушыға оның мәселелерін шешіп беретін және сауда жасауға көмектесетін веб-сайт, ақпарат беруші туит пен Facebook парақшасы, YouTube арнасындағы вирал жарнама мен видео, мультимедиалық электрондық хаттар мен мобайл қосымшалары арқылы қол жеткізіп жатқандай көрінеді.

«100 жаңа оқулық» жобасына енген «Маркетинг негіздері» кітабынан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button