Жаңалық

Елордалық Ассамблея Мақтааралға жүк көлігін жөнелтті

Бүгін, елордалық Достық үйінің аумағынан 8 млн теңгеден астам сомаға жалпы салмағы 16 тонна гуманитарлық жүк көлігі су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданының тұрғындарына жіберілді. Азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар елордалық этномәдени бірлестіктердің көмегімен жиналды. Қаражат жинау мен ұйымдастыруға өзбек этномәдени орталығы, «Вайнах» шешен-ингуш және де елордалық этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, ҚХА жастары мен еріктілері, мейірімділік клубы ерекше үлес қосты.⠀

«Мақтаарал, біз біргеміз» баннері ілінген жүк машинасы Нұр-Сұлтан қаласынан Оңтүстік Қазақстанға дейін екі мың шақырымға жуық сапар шегеді. Жол алыс әрі оңай емес. Бірақ қайғыда қалған адамдарға бұдан бетер қиынырақ. Оларға бүкіл ел көмектеседі. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы да ортақ игі іске өз үлесін қосуда.⠀

Достық үйінің аланыңа жиналған елордалық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен ардагерлері, ҚХА жастары мен еріктілері Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмекті жеткізуші жолға шыққан қалалық жанашырларға сәт сапар тіледі!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button