Жаңалық

Кітапхана – рухани азық ордасы

Президент Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілген болатын. Төтенше жағдай режимі оқырман мен кітапхананың байланысын үзген жоқ. Онлайн жұмысқа көшкен қызметкерлер оқырманын жоғалтпай, әлеуметтік желі арқылы жұмысын өрбітіп отыр. Сондай-ақ елімізде жарияланған төтенше жағдай уақытында оқырмандардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру қамында түрлі қашықтан кездесулер мен үйірмелер жұмыс істеп тұр.

С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханысында төтенше жағдайға байланысты онлайн қыз­меті бойынша көп­теген шаралар өткізілуде.

Кітапхана оқырмандарға қашықтан кітап оқуды ұсынып, ғаламторды қолданатын оқырмандарға кітапхананың ресми сайтындағы электронды кітаптарын оқуға кеңес берді. Кітапхана үшін онлайн-режим деген не? Бұл әлеуметтік желі арқылы еліміздегі оқиғалар туралы жаңалықтармен жедел бөлісу, республикадағы айтулы күндер туралы оқырмандарды құлағдар ету, елімізге белгілі ақын-жазушылармен онлайн кездесулер мен дәрістер өткізу.

Ұлық ұлыс-айбынды Алтын Орданың 750 жылдығына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұбаназар Асанов «Едіге ба­тыр» туралы тарихи деректер ұсынды. Орта ғасырлардағы даңқты мемлекетіміз Алтын Ордаға 750 жыл толып отыр. 750 жылдығының аясында Ер Едігеге ескерткіш қойылды. Едігенің Ақтөбе жерімен байланысы да үлкен. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Байғанин ауданының Құрметті азаматы, аудармашы, жазушы Қажығали Мұқанбетқалиев «Тар кезең» романының шығу тарихы туралы ой толғанысын жолдады. Жазушы қалың оқырманның «Тар кезең» атты романның шығу тарихы хақында көп жағдайды білгісі келетіндігін айтты. Қазақтың ел болып өз тарихында қазақтығы үшін қандай күрестерге барғандығы жөнінде, бұл роман негізінен Қазақстанның батыс аймағында болған үлкен тарихи оқиғаның бірі Сырым   Датұлы бастаған үлкен тарихи қозғалысқа байланысты шығарма екендігін айтып өтті.

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Президент Қасым – Жомарт Тоқаев «Абай жолы және XXI ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласын жазды. Өз мақаласында мемлекет басшысы: «Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалып­тастырамыз десек, Абайдың шығар­маларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы» – деген болатын.

Бүгінгі күні Абайдың даналығына, шығармашылығына сүйене отырып, Абайдан үлгі ала отырып, Абай парасатын таразылай отырып, өзіміздің төл санамызға қайтып оралуымыз керек.Өйткені біз егемен елміз, тәуелсіз елміз. Қазақ ұлтының алдында үлкен міндет тұр, себебі қазақ ұлты мемлекет құрушы ұлт. Олай болатын болса, Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деп айтқан сөзін түсінетін кезең келді. Абайдан үлгі алайық, деп деп тұшымды ой айтқан философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, ҚР Ғылымын дамытуда еңбегі сіңген қайраткер, белгілі Әуезовтанушы, Ақтөбе қаласы және облысының Құрметті азаматы Алтай Тайжановтың «Абайдың философиялық ойлары» тақырыбындағы жолдаған бейне дәрісінде.

Белгілі қаламгер ардагер журналист, Қазақстанның еңбегі сіңген журналисі Идош Асқардың ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев туралы бейне естелігі ұсынылды.

Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы бітік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Кітапхана ешқашан мәні мен маңыздылығын жойған емес.

Ақтөбе облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button