Жаңалық

Онлайн вебинарға даярсыз ба?

«Цифрлы волонтерлар» жобасы туралы

Бүгінде білім беру жүйесін  түбегейлі цифрлық жүйеге ауыстыру қажеттілігі туындап 2017 жылы  қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын» іске асырудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Қазіргі кезең  педагог пен білім алушыдан заманауи цифрлық технологиялар құралдарының мүмкіндіктерін барынша пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыруды қажет етеді.
Елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ректор Г.Т.Алдамбергенованың бастамасымен «Цифрлы волонтерлер» жобасы қолға алынды. Оның құрамында ақпараттық жүйелер, информатика саласы мамандарымен бірге педагог-психологтар, заңгерлер, тілші, тарихшы, әдебиетшілерден, биология, экология, география, физика, математика, кітапхана секілді түрлі сала мамандарынан тұратын 50 адам жұмыс істеуде. Профессор-оқытушыларға әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетуге бағытталған жоба аясында волонтерлер қашықтықтан оқытуға қажетті ресурстармен жұмыс істеуге үйретумен қатар,  психологиялық, заңгерлік көмек көрсетуді,  білім беру жүйесіндегі, жалпы халық арасындағы IT сауаттылықты арттыруға өз үлестерін қосуды мақсат етіп отыр.
Бүгінгі таңда волентерлар төмендегідей тақырыптарда  вебинарлар өткізіп үлгерді:
–         «Білім берудегі онлайн және қашықтан оқыту платформалары»;
–          «Интертеймент» әдісін қашықтан оқытуда қолданудың тиімділігі»;
–          «Экология пәнін мәдени ақпарат құралдары арқылы мотивациалау»;
–          «Сізге – құқықтық көмек!»;
–          «Бейнедәрістер мен бейнепрезентация дайындау жолдары»;
–         «Оқу үдерісін Classrum арқылы ұйымдастыру»;
–         «Оқушыларды қашықтықтан оқыту жағдайында оқу жетістіктерін әділ бағалау мәселелері»;
–         «Білім берудегі онлайн және қашықтан оқыту платформалар»;
–         «Физика пәнін онлайн оқытуда көрнекіліктер қолдану әдістемесі»;
–          «Интернет жүйесіндегі филологиялық ресурстармен жұмыс»;
–          «Бастауышта жаратылыстану пәндері бойынша  LearingApps.org  оқыту материалдарын қолдана отырып, ТЖБ  тапсырмаларын құрастыру және нәтижесін бағалау»;
–          «Білім берудегі онлайн және қашықтан оқыту платформалары»;
–          «Microsoft Teams сервисінде жұмыс істеу».
Түрлі аудиторияны қамтыған, сан алуан тақырыптағы вебинарлар көпшіліктің ықыласына бөленді. Қазіргі таңда 500-ден астам мектеп мұғалімдері университет ұйымдастырған онлайн вебинардан өтіп, цифрлық сауаттылықтарын көтерді.
Егер сізге ақпараттық-әдістемелік, құқықтық, психологиялық көмек, басқа да  кеңес қажет болса, цифрлы волентерлер көмегіне жүгіне аласыз!

Алматы қаласы,

 «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі 

Басқа материалдар

Back to top button