Жаңалық

Елбасы кітапханасы виртуалды көрме ұсынады

18 мамыр – Халықаралық музейлер күнінде Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары берілген күмістен жасалған дипломатиялық сыйлықтар топтамасынан «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесін ұсынады.

«Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесі сегіз тараудан тұрады, онда: асханалық күмістер, шайға арналған жиынтықтар, құмғандар, сәндік тәрелкелер, құмыралар, мүсіндер, қобдишалар және жазуға арналған заттар бар. Көрме барлығы 126 сақтау бірліктен тұрады.

«Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесінің экспонаттары заттардың шығу тегі географиясын, түрлі дайындау техникасын, бұйымдардың пішінін көрсетеді, әлемнің белгілі бір халқына тән әшекейдің дәстүрлі тәсілдерін терең түсінуге және зерделеуге мүмкіндік береді.

Жалпыға белгілі себептерге байланысты «Күмістің мәңгілік сәулесі» көрмесінің электронды нұсқасы Елбасы кітапханасының сайтында ұсынылатын болады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button