Тарихтан тағылым – өткенге тағзым
2020 ж. 29 мамыр күні сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қ. Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобасы аясында «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» халықаралық on-line-конференция өтеді.
Оn-line-конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ. Түймебаев, Еуразия халықтары ассамблеясы Бас хатшылығының басшысы С.К. Смирнова, шетелдік және қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.
On-line-конференция аясында пленарлық сессия және «Депортация. Репрессия. Тағылым.», «Ашаршылық. Соғыс. Тәлім» тақырыптарына панельдік сессиялар ұйымдастырылады.
On-line-конференция аясында қатысушыларға ҚР Президенті мұрағатының тарихи-құжаттық көрмесі, «КарЛАГ» және «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешендерінің материалдары бойынша таныстырылымдар ұсынылады.
БАҚ өкілдеріне тіркелу міндетті (baspasoz@qkelisim.kz) және
сұхбат жазып алу үшін 9.30-да келулеріңізді сұраймыз
Қаншайым Байдәулет 8747 312 90 95
Ботагөз Жақсымбетова 8771 555 44 89
е-mail: baspasoz@qkelisim.kz, www.assembly.kz
Онлайн қосылу үшін: https://www.facebook.com/assemblykaz/
Қазақстан халқы Ассамблеясы Баспасөз қызметі