Жаңалық

Балалар – өмірдің гүлі

Өзге елдердегідей, Қазақстанда да маусым айының бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Мерекені тойлау мақсатында орыс мәдени орталығының төрағасы Вера Правдинаның бастамасымен Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығымен бірге Серебрянск қаласы балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Мерекенің тарихына келетін болсақ, бұл 1925 жылы Женевадағы Бүкіләлемдік конференциясында балалардың амандығы мәселесіне байланысты тойлау жайлы шешім қабылданды. Сол уақыттан бері бүкіл әлемде осы жылулық пен шаттыққа толы мереке аталып өтеді.

Мерекелік концерттік бағдарлама Серебрянск қаласының балаларын күтіп тұрды: Вера Николаевна Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілерімен және белсенділерімен бірге би мен ән және ойындары бар мерекелік бағдарлама дайындады.

Бүлдіршіндерді қуантып, күлкі сыйлау біз үшін жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналды. Себебі балалар – өмірдің гүлі. Біз балалардың денсаулығы мен амандығына қатысты мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүгінгі мереке соған дәлел болып отыр, – деп орыс мәдени орталығының төрағасы Вера Правдина өз ойын айтып берді.

Атап айтсақ, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Равиль Юнусов Серебрянск қаласындағы қайырымдылық іс-шарасына қатыса отырып, Достық үйіндегі онлайн-концертіне тікелей эфирге шықты, көрермендерге көңілді сәттерге толы мерекенің бір бөлігін көрсетті.
Біз осы бастамада орыс мәдени орталығын қолдаудан қалыс қала алмадық. Барлығымыз білетіндей, болашағымыз – Қазақстан жастарының қолында. Сондықтан біз өнегелі жас ұрпақ тәрбиелеуіміз керек! Балалар мерекесі барлығына құтты болсын!, – деп Равиль Юнусов өз лебізін білдірді.
Мерекенің соңында балаларға әуе шарлары беріліп, іс-шара ұйымдастырушыларымен естелік суретке түсті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button