Жаңалық

Семейде Лениннің ескерткіштері әлі қызмет етіп тұр

Семейдегі саябақтардың бірінде Лениннің екі ескерткіші тұр деп хабарлайды, Ruh.kz. Бұл туралы порталдың редакциясына өңір тұрғындарының бірі хабарласып, фотоматериал жолдады.

«Боровлянка» демалыс аймағында Лениннің екі ескерткіші тұр. Мұнда балаларымен жиі келетін қонақтар көп. Өткен дәуірдің көсемін насихаттау кімге керек? Абай тойының қарсаңында ыңғайсыз болды-ау», – деп қынжылады жергілікті тұрғын.

photo5382013902642064790.jpg

Біз мән-жайды анықтау үшін Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаевқа қоңырау шалдық.

«Біз анықтап білдік. «Боровлянка» жекеменшік демалыс орталығында Лениннің ескерткіші тұрғаны рас. Бірақ қаладан шалғай орналасқандықтан интернет ұстамайды, байланыса алмай отырмыз. Аталған нысанның басшыларымен сөйлесетін боламыз. Жақында демалыс орнының басшысы ауысқан болатын. Бұрын-соңды мұндай болмаған», – дейді Айдар Садырбаев.

Аталмыш мәселе көп ұзамай тиісті жауаптылар тарапынан назарға алынып, түзетіледі деп күтеміз. Ruh.kz порталы жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізеді.

Жалпы соңғы жылдары Шығыс Қазақстандағы бірқатар көшелер қазақша атау алды. Тіпті Семейдегі көптен бері өзгермей келген Ленин көшесі «Мәңгілік ел» болып өзгерген еді. Жоғарыдағы әттеген-ай да оңтайлы шешімін тапса екен дейміз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button