Жаңалық

Кәсіпкерлерге кім кедергі?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету туралы тапсыр­масына сәйкес, Шымкент қаласында «Биз­неске арналған Үкімет – Shymkent INVEST» кеңсесі жаңа форматта қайта ашылды.

Бұл жоба кәсіпкерлерге бір көзден ор­талықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға кө­мектеседі. Мұнда нишалық жобаларды сүйе­мелдеу, жеңілдетілген 1 пайыз­дың  несие бе­ру, «1000 сауда орны» бағдар­ла­масы бойынша жер телімдерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвес­­тиция, цифрлы, құқықтық, ком­пе­тенция және мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осылайша кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылады. Сонымен қатар мұнда кәсібін жаңа бастаған кәсіп­керлерге «Бизнес-мектеп», «Бастау-биз­нес» оқыту бағдарламалары бойынша кәсіп­керліктің негізі оқытылады

Кеңсенің ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі эко­номикалық жағдайды жақсарту бойынша қабылданған антикризистік шаралар өз жемісін беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ бағдарламада меже­ленген микроқаржы ұйымын құрып, жеңіл­детілген несие, нишалық жобалар мен «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» және басқа мемлекеттік бағдар­ла­ма­лар­дың бүкіл мүмкіндігі барынша қол­данылатынын айтты.

Іс-шара барысында сөз алған Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев мемлекеттік бағ­дарламалар аясында кәсіпкерлік саласында жыл соңына дейін жалпы 29,5 млрд теңге игеру жоспарланғанын атап өтті.

«Бағдарлама аясында нишалық жобаларды іске асыру қолға алынып жатыр. Қазіргі таңда кәсіпорындармен осы нишалық жобалардың тізімін жасақ­тау үстіндеміз. Бүгінде 80-нен ас­там нишалық жобалар жасақталды. Осы­ның аясында біз импорт алмастыру­ды қамтамасыз етіп, 400 адамды жа­ңа жұмыс орнымен қамтып, 100 жаңа тауардың түрін және жаңа 30 кәсіпорын ашуды жоспарлаудамыз. Бұл бастаманы іске асыру мақсатында құрылып жат­қан Микроқаржы ұйымы арқылы қар­­жыландыруды көздеп отырмыз. Бұ­дан бөлек, Микроқаржы ұйымы «Еңбек» бағдарламасы аясында бөлі­ніп жатқан қаржыларды да игеруге ық­па­лын тигізеді», деді Нұрлан Қабы­ш­таев.

Сонымен қатар Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарында «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» қанатқақты жобалары іске қосылатын болады. Бұл ретте түркістандық шаруалар өндіретін тауарларды өткізу нарығының бірден бір нүктесі Шымкент қаласы болмақ. Түркістан облысында өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін Шымкент қаласында қайта өңдеп, орау және қап­тама жасау арқылы тамақ өнеркәсібін да­мытуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, өзіндік қосалқы шаруашылықтың (ЛПХ) көлеңкелі экономикадан шығуына және қосымша жұмыс ­­орындарын ашуға ықпал етеді.

Басқа материалдар

Back to top button