Жаңалық

Жылдың үздік жобалары (видео)

Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 200-ден астам іс-шара атқарылды. Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті.

Басқосудың күн тәртібі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен осы жылы енгізілген жобалар талқыланды. Сондай-ақ, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының және білім берудің барлық деңгейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тәрбиелік мәні айтылды.

Бүгінде ауыл мектептеріне озық тәжірбиені енгізу мақсатында Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, «Білім Инновация» лицейі базасында кіші жобалық кеңселері құрылған. Нәтижесінде жоғарыда аталған білім мекемелері ауыл мектептерін қамқорлығына алып, жаңартылған білім беру мазмұнын, оқушылардың білімін бағалаудың жаңа жүйесін енгізуде. Әдістемелік қамқорлық шеңберіне кітапханаларды жаңғырту, үш тілді оқыту, робототехника сыныптарында жұмыс жасау жүйесі енеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button