Жаңалық

Әл-Фapaби. Оптика теориясы туралы не білесіз?

Геометрия сияқты, оптика да денелердің формалары мен шамаларын, тәртібі мен қалыптарын, теңдігі мен тең еместігін, тағы басқаларын қарастырады, бірақ геометрия сызықтарды, жазықтықтарды және геометриялық денелерді абсолюттік мағынада алып қарайды.

Геометрия саласы – неғұрлым жалпылама сала. Сондықтан геометрия зерттейтіндердің бәрі оптикаға енетін болса да, оптиканы бөліп алу қажет болады, өйткені формасының, орналасу жағдайының, тәртібінің немесе басқа бірдеңесінің белгілі бір қалпы болмай қоймайтын геометриядағы көп нәрселер осыған қарама-қарсы қалыпта сияқтанып көрінуі мүмкін. Шындығында төрт бұрышты нәрсе белгілі бір қашықтықтан қарағанда дөңгелек болып көрінеді. Үздіксіз шамалар үздікді, ал тең емес нәрселер – тең болып көрінеді. Бір жазықтықта жатқан сияқтанып көрінетін нәрселердің қайсыбір бөліктері төмен, ал қайсыбірі жоғары жатқан сияқтанады. Алдыңғы жақта сияқтанып көрінген көп нәрселер артқы жақта (жатқандай) болып көрінеді және осыған (мейлінше әрқилы) көптеген мысалдар бар.

Осы ғылым арқылы көз көрген нәрселер мен шын жағдайдың арасындағы айырмашылық ажыратылады және осының себептері көрсетіледі, сондай-ақ ақиқат дәлелдер арқылы мұның неге осылай екені түсіндіріледі. Көз жанарының қателесуі мүмкін нәрселердің бәрі, сол қатені болдырмау үшін, айла-амалдар арқылы түсіндіріледі; қарастырылып отырған нәрсенің ақиқатына жету үшін, оның мөлшерін, формасын, жағдайын, құрылысын дұрыс табу үшін, көз жаңылысатын барлық жағдайда айла-амал қолданылады.

Оптика екі бөлімге бөлінеді:

1. Түзу сәуле арқылы бақыланатын нәрселерді зерттеу;

2. Қисық сәуле арқылы бақыланатын нәрселерді зерттеу. Бұл – айналар туралы ғылымның саласы.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button