Жаңалық

«Еуропа әлемінде» ертегілер кітабы жарыққа шықты

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі тұңғыш рет «Еуропа әлемінде» атты ертегілер жинағын қазақ тілінде жарыққа шығарды.

Кітап Еуропаның мәдени мұрасының бірыңғай топтамасы ретінде Еуропалық Одақ елдерінің аңыздары мен басқа да дәстүрлі ертегілерінің жинағы болып табылады. Кітаптың мақсаты – Еуропа халықтарының таңғажайып халық дәстүрлерінің ортақ негізін табу, сонымен бірге Ескі құрлықтың құндылықтарының бірлігін көрсету.

Кітапта Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің әрқайсысының халық ертегілері, аңыздары, әрі нақыл сөздері келтірілген, сол арқылы олар ортақ ежелден келе жатқан мәдени сабақтастығын көрсетеді. Жинақтағы кейбір аса сирек кездесетін ертегілер қазақ тілінде тұңғыш рет жарияланып отыр. Аталмыш кітапта батырлар, айдаһарлар, перілер туралы не халық әзіл –сықағына толы түрлі хикаяларды кездестіруге болады.

Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон: «Қазақстандық оқырмандардың басым көпшілігі осы ертегілермен таныс екендігіне сенімдімін. Мәдениет шекара талғамайды, құрлықтарға, кейде одан да тыс аймақтарға өріс жаяды. Сол себепті, біздің ұқсастығымыз ойлағанымыздан да көбірек болады, және бұл кітаптың мақсаты осы байланыстарды көрсету».

Кітап бойынша жұмыс жарты жыл мезгілінде жүргізілді. Барлық иллюстрациялар Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері, дарынды апалы-cіңілі Ғалия және Балқия Құсайыновалармен (ГаБо) дайындалды.»Еуропа әлемін бейнелейтін суреттер арқылы оқырмандар ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, cол заманның сиқыр мен қиял әлеміне жол ашады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Ғалия және Балқия Құсайыновалар.

Кітаптың тұсаукесеріне арнайы Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі онлайн науқанын жариялады. Күнделікті Өкілдіктің әлеуметтік желі парақшаларында ЕО-ға мүше мемлекеттердің Елшілері бейнеролик форматында ертегілерді оқып, Еуропаның ғажайып ертегілер әлеміне оқырмандарды саяхаттауға шақырады.

«Еуропа әлемінде» ертегілер кітабының электронды нұсқасы: https://eeas.europa.eu/sites/eeas/files/europa_leminde_ertegiler.pdf

Ертегілер кітабының тизері: https://www.youtube.com/watch?v=sIvONyQr44M

ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон мырзаның оқуындағы дат ертегісі «Сиқырлы алма ағашы»: https://www.youtube.com/watch?v=vEsMqK03s18&t=15s

Қосымша ақпарат бойынша, Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің баспасөз қызметі, Еркежан Амриева ханымға хабарласуыңызды өтінеміз: yerkezhan.amriyeva@eeas.europa.eu

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button