Мақала

ҚМДБ жаназа және астарды атқару тәртібін жариялады

Жаназа намаздарын оқуға және астарды өткізуге қойылатын талаптар:

– Жаназа намазына келуші жамағатқа карантин талаптарын қысқаша түсіндіріп, орындалуын талап ету;
– Дін қызметкері жаназа намазында 5 минуттан артық уағыз айтпау;
– Қабір басында мәйіт жер қойнына қойылғаннан кейін жамағатты тезірек қайтаруға атсалысу;
– Жаназадан кейінгі астарды барынша болдырмауға немесе аз кісі (тек жақын тума-туыстарының) қатысуын насихаттау;
– Дін қызметкері жамағатпен қол алыспау;
– ҚР Санитарлық Бас дәрігерінің 22.05.2020 жылғы №37 ПГВр қаулы талаптарын орындау;
– Дін қызметкерлері мен жаназа намазын оқуға келген жамағаттың міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүруін насихаттау және орындау;
– Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар және жас балалар жаназа намаздарына қатыспауы керек
.

ҚМДБ қонақ асы, жетісі, қырқы, жүзі, жылы, еске алу т.б. көпшілік жамағат жиналатын астарды еліміздегі эпидемия жағдайы тұрақталғаннан кейін өткізуге кеңес береді.

Басқа материалдар

Back to top button