Жаңалық

Х ұрпақ олар кімдер?

Х ұрпағы. Бэби-бумнан кейінгі туудың баяулау кезеңінен кейін келесі ұрпақ, яғни 1965-1976 жылдар аралығында 49 миллион адам өмірге келді. Автор Дуглас Коупленд оларды бэби-бумерлердің көлеңкесінде болғандықтан X ұрпағы деп атайды.

Оларға дейінгі бэби-бумерлер мен олардан кейінгі миллениалдардан саны біршама аз Х ұрпағы – кейде еленбейтін тұтынушылар тобы саналады. Олар табыс табуға тырысса да, басқа топтарға қарағанда материалист емес, сатып алудан гөрі тәжірибені бағалайды. Х ұрпағы өкілдерінің арасындағы ата-ана болып отырғандардың көбі үшін отбасы – балалары мен қарт ата-анасы – бірінші орында, ал карьера – екінші кезекте.

Маркетинг тұрғысынан, Х ұрпағы – күмәншіл топ. Олар сатып алудан бұрын өнімді көп зерттейді, санына емес, сапасына назар аударады, маркетингтік алаңдарды ашуға бейім емес. Олар конвенциялар мен салт-дәстүрлерді күлкіге айналдыратын әдепсіз жарнаманы көбірек қабылдайды. Интернет дәуірінде өсіп келе жатқан бірінші буын – Х ұрпағы, бұл – жаңа технологияның артықшылықтарын қамтитын ұрпақ.

Қазір 40 жастан енді асқан Х ұрпағы өсіп, билікке келді. Олар бэби-бумерлердің өмір салтын, мәдениетін және құндылықтарын барынша өзгертті. Өз карьерасын мықтап қолға алды, ал көпшілігі өсіп келе жатқан отбасы бар үй иеліктерін мақтан тұтады. Олар – бүгінге дейінгі ең білімді ұрпақ және олардың сатып алу қабілеті жыл сайын артып келеді. Х ұрпағы барлық америкалық ересектердің ширегін құраса да, жалпы табыстың 29%-ын алады.

Осындай ауқымды әлеует болғандықтан, көптеген бренд пен ұйым Х ұрпағын негізгі таргет сегмент ретінде қарастырады. Мысалы, Х ұрпағының 82%-ында өз үйі бар, сол себепті олар үй және үй-жайды жақсарту саласының маркетологтары үшін маңызды сегмент. Үй-жайды жақсарту ритейлері Lowe компаниясы өз үйі бар Х ұрпағы өкілдеріне барынша көңіл бөледі және оларды «Жақсартуды ешқашан тоқтатпауға» шақырады. Жарнама, онлайн видео және маңызды әлеуметтік желілерде қатысу арқасында Lowe компаниясы жұмысбасты үй иелері саналатын Х ұрпағына және олардың отбасына өмірді жеңілдетуге көмектесетін шешімді, яғни үйдің ішін және сыртын жақсарту жөнінде көп идея мен кеңес ұсынады. MyLowe қосымшасы тұтынушыларға өз үйінің әр бөлмесіне арналған профайл ашуға, Lowe компаниясынан сатып алған заттарын мұрағаттау, фотосуреттер мен өнім тізімін жасау, пеш сүзгісін ауыстыру сияқты еске салатын функцияны алу мүмкіндігін беретін тәулік бойғы үйге арналған кон-сьерж сияқты тіпті үйді жетілдіру жобаларын жоспарлай отырып, дүкен қызметкерлерінен онлайн режимінде кеңес алу мүмкіндігін береді.

Котлер Филип, Армстронг Гари

«Маркетинг негіздері»,

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітап

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button