Жаңалық

«Қызылкүрең» – тәждівирустың алдын алатын шипалы шөп

Ең бірінші байлық – денсаулық. Нағыз пандемия уақытында адам ағзасына қажетті «С» дәруменіне бай өсімдік – «Қызылкүрең» шөбін «Туған жер» айдарында кеңінен таныстыруды жөн көрдік. Оқырмандарымыз алдағы уақытта «Қызылкүрең» шөбін жүйелі түрде тұтынып, сырқаттарына шипа тауып жатса, нұр үстіне нұр демекпіз!

«Қызылкүрең» қандай өсімдік?

Қызылкүрең (эхинацея) – шипалық қасиетке ие көпжылдық шөп. Ол астралылар тұқымдасына жатады. Тамыры 25 метрге дейінгі тереңдікке жайылатын қасиетті шөптің жалпы биіктігі – 60-100 см. аралығында. Эхинацеяның түсі күңгірттеу қызыл, ақ, сарғылт, ал дәмі сәл ащылау. Жапырақтары жұмыртқа секілді, сабағы тік, жоғарғы бөлігіндегі бұтағы аздау және гүлдері тікенектеу болып келеді. Қызылкүреңнің тұқымы пирамида секілді жалпақша болады.

«Қызылкүрең» қандай дәрумендерге бай?

Эхинацеяның құрамында «С» дәрумені, флавоноид, шайыр, полисахарид, сапонин, гликозид, эхинакозид, бетаин, смола, органикалық қышқылдар, фитостерин, эфир майлары іспетті адам ағзасына қажетті көптеген химиялық элементтер мен дәрілік заттар бар. Осылардың ішінде қазіргі жағдайда, пандемия нағыз өршіп тұрған уақытта ең маңызды болып отырғаны ол – «С» дәрумені екені баршаға мәлім. Өйткені С дәрумені арқылы адам күш-қуат жинап, оның денсаулығы қатерлі індетке қарсы төтеп бере алады. Сондай-ақ эхинацея суық тию мен тұмауды емдеуге таптырмас ем-дом. Бактерияларды жойып, тыныс алу жолдарын орнықтырады. Бір сөзбен айтқанда, иммунитетіңізді нығайта түсуге септігін тигізеді. Осы тұста тағы айта кету қажет: иммунитет аты жаман тәжді вирусқа қарсы негізгі күш. Былай айтқанда, мықты иммунитет – вирустың басты жауы. Қазіргі таңда, дәрі-дәрмек тапшы кезеңде үй жағдайында ауруға қарсы тұрудың жолын қарастыруды әркім жадында тұтуға тиіс. Сондықтан алдын ала организм жүйесін түрлі инфекцияға қарсы дайындап қойсақ, ешқандай да бактерия зиянын тигізе алмас?..

Емдік шөпті қалай қолданады?

Инфекциялық аурулардың бір лебін сезіп бастасаңыз, дереу қызылкүрең тұнбасын қайнатып ішіңіз. Ертерек бастағаныңыз, өзіңізге жақсы. Барлығы 8 не 10 күн бойы ішесіз. Ал өсімдікті бұдан бөлек басқа да ауруларға қарсы қолданғыңыз келсе, міндетті түрде дәрігердің бір ауыз кеңесін алғаныңыз артық етпейді. Ескерту: аяғы ауыр келіншектер мен емізулі баласы бар аналарға және де иммунитеті тым әлсіз адамдарға қызылкүреңмен емделуге кеңес бермейміз. Эхинацея ағзаны дәруменге байытады, иммунитетті жақсартады. Дегенмен ол аурудың алдын алу кезінде таптырмас дәрілік шөп екенін есте сақтаған жөн.

Дәріханаларда оны капсула, кептірілген шөп не шай күйінде сатады. Қызылкүрең шөптің дайын тұнбасын 10-30 тамшыдан күніне 2 мезгіл ішу керек. Ем-дом уақыты: 3-8 апта. Осы жерде, тұнбаны қолданбас бұрын, әуелі оған сене біліңіз, сонда ғана шынымен-ақ аурудың алдын аласыз дегіміз келеді.

Қандай ауруларға дауа?

1. Асқазан;

2. Суық тию (әртүрлі вирустық инфекцияларға ем);

3. Баспа;

4. Қанның бұзылуы;

5. Ағзаның табиғи қуатын жақсатады;

6. Фурункулез;

7. Тері ауруларына (жара, күйік, зиянкестер шаққанда);

8. Созылмалы аурулар;

9. Орталық жүйке жүйесін нығайтады;

10. Герпес;

11. Құлақ ауырғанда;

12. Гинекологиялық және урологиялық ауруларға қарсы;

13. Радиациялы аймақта өмір сүретін адамдарға ем;

14. Цистит;

15. Полиартрит.

«Кызылкүрең» қайда, қай мезгілде өседі?

Аты да, заты да өзгеше шөптің қашан және қай жерде өсіп, жеміс беретіні көпшілікті қызықтырары сөзсіз. Біздің портал осыншама дәруменге толы өсімдік туралы гео-деректі де жинақтады. Бұның барлығы, әрине, сүйікті оқырман үшін.

Жалпы бұл шөптің атауы грек тілінен аударғанда «тікенек тәріздес» деген мағынаға ие. Ал негізгі отаны – АҚШ. Әйткенмен бұл оның тек мұхиттың арғы бетінде ғана өсетінін білдірмейді. Келбеті келіскен бұл әсем шөп өзіміздің отанымызда да өсіріледі. Қызылкүреңді іздесеңіз, Қазақстанның оңтүстік аймағынан таба аласыз. Негізінен маусым-қазан айларында гүлдейді.   Ерекше дәрілік элементтерге бай өсімдіктің түбін бөлу жұмыстары қыркүйек-сәуір айларында жүргізіледі.

«Қызылкүреңді» қалай өсіріп, баптайды?

Кез келген гүлдің бірден-бір бабы – ашық күн. Эхинацеяның да әдемі болып өсуіне күн көзі тікелей ықпал етеді. Топырағы ылғалды әрі құнарлы болғаны жақсы. Оның көбею процесі тұқымын себу мен бөлу арқылы жүргізіледі. Үй жағдайында өсіргісі келетіндерге ескертеріміз – эхинацея құрғақшылық пен алакөлеңкеге де төзімді өсімдік болып саналады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button