Жаңалық

Миллениалдар. Fifth third bank мысалы

Миллениалдар. Бэби-бумерлер мен Х ұрпағының тізгіні бір күннің ішінде миллениалдарға («Y» ұрпағы немесе «эхо-бумерлер» деп те аталады) өтеді.

1977 жылдан 2000 жылға дейін туған бэби-бумерлердің бұл балалары 83 миллион немесе одан да көп болып, Х ұрпағын әлдеқайда артта қалдырып, бэби-бумер сегментіне қарағанда көбірек саналады. Мәселен, дағдарыстан кейінгі дәуірде миллениалдар – қаржылай тұрғыдан ең көп байланған ұрпақ. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен бетпе-бет келгендіктен, көп қарызға батқан осы жас тұтынушылардың көбінің қалтасы тесік. Әйтсе де саны көп болғаны үшін миллениалдар қазір де, болашақта да үлкен әрі тартымды нарықты құрайды.

Миллениалдардың барлығына ортақ ерекшелік – цифрлық технологияны жақсы меңгеруі. Олар технологияларды қолданып қана қоймайды, олар үшін бұл – өмір салты. Миллениалдар – компьютер, смартфон, жерсерік телевизиясы, iPod пен iPad және әлеуметтік медиа құралдарына толы әлемде өсіп жатқан алғашқы ұрпақ. Нәтижесінде олар брендтермен мобайл және әлеуметтік медиа сияқты мүлде жаңа жолдар арқылы байланысады.

Басқа ұрпақ топтарымен салыстырғанда миллениалдар жинақы, ұқыпты, көпшіл, мобильді және шыдамсыз келеді. Маркетологтардың сатылымдарына қарағанда миллениалдар өз бренд тәжірибесін қалыптастыру және басқалармен бөлісу шынайылығы мен мүмкіндіктерін іздейді. Бір AT&T маркетологы «жалпыға ортақ миллениал шындықтары: мөлдір; шынайы; дереу және жан-жақты» деп сипаттайды.

Көп бренд қазір миллениалдардың қажеттіліктері мен өмір салтына бағытталған нақты өнімдер мен маркетинг кампанияларын жүргізіп жатыр. Мысалы, қаржы қызметтерін ұсынатын көп фирма өз брендін миллениал тұтынушыларға тартымды ету үшін бірегей имиджін қалыптастырып келеді. Fifth third bank-ті мысалға алайық:

Fifth third bank миллениалдар үшін ең қиыны күту екенін біледі. Сондықтан ол «Күтудің қажеті жоқ» деп аталатын жаңа кампания бастап, мобайл қосымша арқылы банк қызметінен күтуді алып тастау жолын көрсетті. Кампания әдеттегі банк әлемінен аулақ кететін жас тұтынушыларға арналған. «Күтудің қажеті жоқ» кампаниясы телевизиялық видеомен қоса цифрлық видео және әлеуметтік желілердегі контентті, тіпті мазасыз, әлеуметтік ортаны жақсы білетін миллениалдарды тартуға арналған ойынды қамтиды. Цифрлық видеороликтердің барлығында күлкіге толы салыстыру ұсынады, мәселен, тышқан бес ірімшік түйірін жеп бітіргенше немесе аккордеонист «Мэриде кішкентай қозы бар» әнін ойнап болғанға дейін Fifth third bank қосымшасы арқылы чекті жылдамырақ сақтауға болатынын көрсетеді. Кампания аясында қолданушының мәтіндік жылдамдығын тексеретін TXTvsTXT анимациялық мобайл ойын да бар. Ол сіз банктен күтетін нәрсе емес, қолданушы саусақтарының жылдамдық дағдыларын тестілеу, Facebook-тегі достарын сынау және «тәтті қолдан» «турбо соққыларға» дейінгі белгішелерді алу сияқты миллениалдарға арналған қызықты тәсілді ұсынады. «Миллениалдар Fifth Third Bank мобайл қосымшасында мәтіндік әңгімелесу кезінде немесе балансыңызды тексергенде оны жылдам алғанды қалайды, – дейді Fifth Third Bank бас маркетологы. – Біздің мобайл банкинг банк қызметінен күту уақытын алып тастайды және біз [осы кампания] бұл оқиғаны қызықты жолмен жеткізетініне сенеміз».

Котлер Филип, Армстронг Гари

 «Маркетинг негіздері»,

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітап

Басқа материалдар

Back to top button