Жаңалық

Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды

Коронавирус ауыз қуысына зақым келтіруі мүмкін.

Бұл туралы Бразилия университеті ғалымдарының International Journal of Infectious Diseases журналында жарияланған зерттеуінде айтылған.

Сарапшылар CОVІD-19 дәм сезудің жоғалуын, кандидоз, ауыз қуысындағы жаралар және тіл мен шырышты қабатта басқа да қабыну процестерін тудырады деген қорытындыға келді.

Мұндай белгілер инфекциядан әлсіреген ағза денсаулығының нашарлауын көрсетеді. Мамандар CОVІD-19-ды емдеу үшін қажетті диагностика тізіміне стоматологиялық тексеруді енгізуді ұсынды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button