Жаңалық

100 оқулық: Медиа туралы кітап аударылды

Медиаға мінсіз мәтін жазу қағидаларымен таныстыратын кітап жарыққа шықты

 

«Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» (Writing for Television, Radio, and New Media) – сценарий жазу шеберлігімен таныстыратын еңбек.

 

«100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне 11-басылымы аударылып басылды. «Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» оқулығының жарыққа шыққанына биыл 58 жыл толды.

 

Авторы – Роберт Л. Хиллиард. Медиадағы қызметі спорт тілшісі ретінде басталған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін радиода сценарист-диктор, телевизияда сценарист-режиссер болған.

 

Кітап туралы

 

1. Оқырманға түсінікті әрі жеңіл тілмен жазылған;

 

2. Телевизия мен радио сценарийлерінің айырмашылығын, онлайн медиа мен әлеуметтік медиа мәтіндерінің ерекшелігін түсіндіреді;

 

3. Медиаға мәтін жазу қағидаларын үйретеді;

 

4. Студенттерді сценарий жазудың негізгі принциптеріне, әдіс-тәсілдеріне баулиды;

 

5. Камера ракурсы, пландардың қойылуы, композициялық шешім, кейіпкер, монтаж, дыбысты ойнату сынды дүниелердің алғышарттарымен таныстырады;

 

6. Нәсілдік және этностық топтарға, әйелдер мен балаларға және түрлі өмір салтын ұстанатын адамдарға арнап сценарий жазуға қатысты ұсыныстар да қамтылған.

 

Қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген шығармашылық топ

 

Аудармашылар:

 

Арайлым Шералы – әлеуметтік ғылымдар магистрі;

 

Әлия Тілеужанқызы – әлеуметтік ғылымдар магистрі;

 

Талғат Жолдасұлы – тарих ғылымы магистрі;

 

Дәурен Дариябек – әдеби редактор,журналист, дінтану бойынша философия докторы (PhD);

 

Мұхтар Сеңгірбай – ғылыми редактор, саясаттану бойынша философия докторы (PhD).

 

Кітап медиа саласына қызығатын оқырман үшін пайдалы болмақ.

Басқа материалдар

Back to top button