Жаңалық

Маркетинг технологиясы: Білезіктер мысалы

Walt Disney World Resort ішінде MagicBand тағып жүру әйгілі Дисней сиқырының жаңа деңгейін ашады.

Бұлтқа негізделген MyMagic+ қызметтеріне тіркелгеннен кейін білегіңізді тигізу арқылы саябаққа немесе аттракционға кіру, түскі ас немесе ойыншық сатып алуға не тіпті қонақбөлменің есігін ашуға болады. Бірақ Disney қонақтардың тәжірибесін жекелендіруге арналған MagicBand әлеуетін қолдануға енді ғана кірісті. Болашақта қосымшалар шынымен сиқырлы болуы мүмкін. Мысалы, баланың атын атап, оны туған күнімен құттықтап, Mickey Mouse жылу құшағына бөленгендегі немесе Prince Charming садағын сыйға тартқандағы таңғалуын елестетіп көріңіз. Жақын маңайдағы қонақтармен алдын ала берілген жеке ақпарат негізінде өзара әрекеттесетін аниматроникті елестетіңіз. Отбасыңыздан немесе достарыңыздан адасып қалдыңыз ба? Еш қиындығы жоқ. Жақын орналасқан каталогтағы MagicBand-ді сканерлеу бүкіл тобыңыз қай жерде жүргенін анықтай алады. Телефоныңыздағы Disney қосымшасымен байланыстырылған magicband парктің ерекшеліктері, күту уақыты, FastPass тіркеу туралы ескертулер және қызмет көрсету кестесі туралы мол ақпарат бере алады. Әрине, MagicBand Disney қонақтарының логистикасы, қызметтері мен сатылымын жетілдіруге көмектесетін қонақтардың іс-әрекеттері мен қозғалысы туралы егжей-тегжейлі цифрлық дерек базасын да ұсынады. Мұның бәрі «Үлкен ағайдың» аңдуы іспеттес көрінгенімен, онда құпиялық параметрлері болады, мысалы, ата-аналарға балалар атын білетін кейіпкерлер сияқты заттардан бас тартуға мүмкіндік береді. Мұндай цифрлық технологиялар Disney қонақтарына да, компанияға да тәжірибені молайтуға көмек беретіні анық.

Котлер Филип, Армстронг Гари,

«Маркетинг негіздері»,

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітап

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button