Жаңалық

Бурабай мен Зеренді қашан ашылады?

Ақмола облысының туризм басқармасы 24 шілдеден бастап Бурабай мен Зерендідегі курорттық аймақтардың жабылатындығы туралы мәлімдеді.

Ведомство хабарламасында атап өткендей, Ақмола облысының туристік аймақтары карантиндік шаралардың күшеюіне және демалушылар арасында азаматтық жауапкершіліктің төмен деңгейіне байланысты 24 шілде күні сағат 00:00-ден 3 тамыз күні сағат 00:00-ге дейін жабылады.

“Туристік аймақтарға кіре берісте периметр бойында бақылау-өткізу пункттері орнатылып, көлік құралдарының қозғалысы шектеледі”, – деді басқармадағылар.

Белгіленген уақыттан бұрын келген туристер қонақ үйлер мен санаториялық-курорттық нысандарда қалады. Бұл ретте демалыс аймағында жүрген адамдар маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Қонақүйлердің иелеріне брондау туралы өтініштерді қабылдауға тыйым салынды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін санаториялық-курорттық нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмысын жалғастырады.

Келушілер үшін жалға алынатын жағажайлар, сауналар, қонақ үйлер жанындағы бассейндер жабылады, су айдындарының жағалау сызығында орналасқан ойын-сауық және сауда нүктелерінің, қайық станцияларының жұмысын тоқтатады.

Бұған дейін Бурабайда демалушылар карантин кезінде жабық жағажайларда қаптап жүргені хабарланды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button