Жаңалық

Қатаң карантин шараларының нәтижесі

Алексей Цой эпидемиялогиялық ахуалдың тұрақтанғанын айтты

“Қабылданған жедел шаралардың арқасында екі аптаның ішінде мынадай оң нәтижелерге қол жетті: тәулігінде коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды. COVID-19 ауруынан жазылғандардың саны 60 пайызға жетті”, – деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, жедел жәрдем шақыру саны 23 пайызға, провизорлық төсек – орын саны 20 пайызға, ал реанимациялық төсек-орын саны алты пайызға азайды.

“Соңғы аптада COVID-19 ауруын жұқтыру және одан келетін өлім-жітім көрсеткішінің тұрақталу тенденциясы байқалады. Жұқтыру жағдайы тәулігіне шамамен 1500-1600 адамды құрап отыр. Пациенттерге үйінде көмек көрсету мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін 2 962 мобильді бригада құрылды. Осы айдың соңына дейін мұндай бригадалардың саны 3,5 мыңға дейін жеткізіледі. Емханалардағы колл-орталықтардың саны 16 пайызға артты. Оның жұмысына білікті кеңесші дәрігерлер, фельдшерлер мен медициналық ЖОО студенттері тартылды. Қазіргі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда өкпені жасанды желдететін 1 958 аппарат бар. Әкімдіктермен бірге қосымша 4 183 аппараты сатылып алынуда. Оның 3 105-і отандық тауар өндірушілерден алынады. Сонымен бірге, 20 мыңға тарта төсек-орын оттегіге қосылады. Оның ішінде 17 762 төсек-орын оттегі концентратымен қамтылады. 6 237-і демеушілердің көмегімен қосылғалы отыр”, – деді Алексей Цой.

“Дәрі-дәрмекті сертификаттау мен тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, бір реттік тасымал процедурасы оңтайландырылды. Арнайы жүк порттарының тасымалын арттыру арқылы дәріханаларды дәрі-дәрмекке толтыру жұмысы жүріп жатыр”, – деп қосты ол.

Денсаулық сақтау министрі өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорлары құрылғанын, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесін кеңейту жүргізіліп жатқанын, дәрі-дәрмектердің айлық қоры құрылатынын атап өтті.

“Осы жылдың 22 шілдесіне дейін еліміздегі медициналық ұйымдар бір айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ “СҚ-Фармация” ЖШС базасында республикалық тұрақтандыру қоры құрылады”, – деді Цой.

Басқа материалдар

Back to top button