Жаңалық

COVID-19: Пияздың пайдасы мен зияны

Пияз жайлы не білеміз, коронавирус кезінде қолданған қаншалықты пайдалы, көп тұтыну ағзаға зиян ба?

Пияз қандай өсімдік?

Пияз – амариллистер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Пияздың гүлдері ұсақ, түсі ақ, қызғылт сары және жасыл. Ол тек азық ретінде ғана қолданылмайды, сондай-ақ дәрілік ем-дом болып табылады. Пияздың жеуге келметін арамшөп түрлері де кездеседі. Өсіп, жетілетін мерзімі – 40-150 күн, гүлдейтін уақыты – 3-4 жыл. Шөптесін өсімдіктің әлемде барлығы 500-ге тарта түрі өседі. Қазақстан территориясында 100-ден астам түрі бар. Оларды таулы жерлерден және шөл, шөлейтті аймақтардан кездестіре аласыз. Елімізде пияз тұқымдасының 9 түрі қатаң қорғауға алынып, «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген.

Пайдасы

Пияз қандай витаминдерге бай?

Пияздың құрамында қант, клетчатка, кальций, калий, натрий, магний, фосфор, цинк, B, Bp B, C, PP сынды адам ағзасына пайдалы бірқатар дәрумендер бар. Лимон мен апельсинге қарағанда аскорбин қышқылына аса бай. Осылардың ішінде «С» дәруменінің пайдасына, елдегі дәл мына жағдайда, ерекше тоқталып өтелік. Коронавирустың қас жауы – мықты иммунитет. «С» дәріменінің оған қауқары айтарлықтай жетеді. Айталық, тіпті оның құрамындағы «С» дәрумені апельсин пен алманікінен де жоғары. Оған қоса, пияз жоғары температураны да баса алады. Бәрінен бұрын оның шырыны өте-мөте пайдалы. Әсіресе, жөтел болғанда құлағыңызға шырынын тамызсаңыз, тез сауығуға көмегін тигізеді. Қазіргі кезде халықтың барлығы түрлі жұқпалы инфекциямен ауырып, тұмау, пневмониядан зардап шегуде. Осы тұста пияз зиянды бактериялармен күресе алатын фитонцид атты затпен құнды.

Иммунитетті көтеруден бөлек, жуа атеросклероз, анемия, туберкулез, тіс, буын, тыныс ауруларына да ем. Пияз инфаркт пен инсульттің алдын алады, қатерлі ісік жасушаларымен күреседі. Қант диабетіне шалдыққандар үшін де пайдалы. Көк жуа тамақты жақсы қорытады. Ал көк жуа мен домалақ басты пияздың айырмашылығы неде десеңіз, көк жуа тез солып қалады әрі бойындағы пайдалы элементтерден аз уақытта ауырылады. Ханшайымдар үшін пияздың ғажайып тұстары өте көп. Мысалы, шаш көп түсіп не ұштанып кеткенде, тырнақ әлсірегенде пиязды пайдаланса, оң әсерін көп ұзамай көрсетеді. Беттегі пигменттер мен дақтарды кетіреді. Пияз жасушаларды жасартатын қасиетке ие. Тағы бір жақсы қасиеті – артық майдан арылтуға септігін тигізеді. Оны теріге шыққан жараларға да қолданады, іріңді алады.

Біле жүріңіз: иммунитетіңіз мықты болып, түрлі вирустық инфекцияларға қарсы тұра алатын күшке ие болғыңыз кесе, күніне жарты бас пияз жеңіз.

Ескерту: пияздың емдік қасиеті қабығын ашқаннан кейін 15-20 минутқа дейін ғана сақталады.

Пияз бірнеше аурудың алдын алып, сауықтырғанмен, пайдасынан гөрі зиянды жағы көбірек.

Мәселен, асқазан және ішек жолдары ауратын науқастарға пияз жеу аса қауіпті. Дұрысы тұтынбаған абзалырақ. Оны көп жеудің соңы артериялық қысымның жоғарылауына апаруы ықтимал. Мөлшерден тыс жеп қойса, астманың басталуына не қан қысымының жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Өт, бауыр және бүйрек ауруларымен ауыратын адамдар да пиязды байқап жеуі тиіс.

Қысқасы

Байқап, көріп отырғандарыңыздай, пияздың пайдасы мен зияны пара-пар. Зияндылығы бар болғамен, болып жатқан қатерлі індет кезінде оның құрамындағы «С» дәруменіне адамдар ерекше мұқтаж екені жасырын емес. Бірақ қандай жағдай болмасын, дәрігердің кеңесін алған дұрыс. Нендей затты пайдалансаңыз да, бастысы – мөлшерін біліңіз. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button