Жаңалық

14 күндік карантин қалай әсер етті?

Екі апта карантинде коронавирус жұқтыру қарқыны өскен жоқ

23 шілдеде республика бойынша коронавирус инфекциясының 76 799 жағдайы тіркелген.

Оның ішінде 48 202 науқас немесе науқастардың 63 пайызы емделіп шықты.

Сырқаттану тәулігіне 1600-1700 жағдай деңгейінде тұрақтанды.

5 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап екі аптада республикада коронавирустың 21 532 жағдайы тіркелді.

Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда сырқаттану бір деңгейде қалып отыр. Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап шілде айында сырқаттану деңгейінің өспегені байқалады.

Айжан Есмағамбетова, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button