Жаңалық

Екі сағатта дәрі-дәрмек cатып алуға 2,5 миллион теңге жинаған қай аудан?

Екі сағат ішінде Ақтоғай ауданының тұрғындары 2,5 миллион теңге жинады.

Бұл қаражат оттегі концентраторын, пульсоксиметрлерді және дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалады. Оларға Жаңаарқа және Қарқаралы аудандарындағы игі шара үлгі болды.

«Жаңаарқа ауданының тумасы блогер Айсұлтан Жақыповтың бастамасымен, еліміздің әр түрлі қалаларында тұрып жатқан осы ауданнан шыққан азаматтар 10-нан астам Өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алды. Көмекке барлығы жұмыла кірісті: қарапайым адамдар да, әртістер де, меценаттар да… Келесі кезекте қарқаралылықтар ерекшеленді, мұнда аудан тұрғындарын ақын Жанат Жанқаш біріктірді. Олар бірлесіп сегіз аппарат сатып алып, аудандық ауруханаға жіберді. Осы екі аудан тұрғындарының игі бастамасына тәнті болып, мен өз жерлестерім ақтоғайлықтарға үндеу тастадым. Және бастамамды журналист Қамбар Ахметов қолдады. Біз бірлесіп Қазақстанның әр аймақтарында тұрып жатқан жерлестерімізді жұмылдырдық», – дейді журналист Ләззат Қожахметова.

Қаражат жинау туралы хабар таратылған соң тек алғашқы 20 минут ішінде ақтоғайдықтар оттегі концентраторын сатып алуға 200 мың теңге аударды. Ал келесі екі сағатта 2,5 миллион теңге жиналды. Ешкім де шетте қалған жоқ. Мысалы, меценат, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков жабдықтың бір бірлігіне қаржы бөлді, астаналық және Балқаш бизнесмендері тиісінше екі және үш аппаратқа ақша аударды.

Сонымен қатар, «Алтын Алмас» АҚ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков, жеке кәсіпкерлер Серік Қасымбеков, Ерлан және Ержан Нұртазиндер, Азамат Төребеков, Марат Көкеев, Бекболат Қожабаев және Ақтоғай, Қызыларай, Шабанбай би және Құсақ ауылдық округінің тұрғындары көмектесті. Сондай-ақ, Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы мен медициналық орталығы үшін еріктілер мен кәсіпорындардың, фермерлік шаруашылықтардың және жеке тұлғалардың қолдауымен 20 термометр, 37 оттегі концентраторы, 52 пульсоксиметр және 15 Бобров құралы тапсырыс берілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button