Жаңалық

Жол сапасы бойынша Telegram-ботқа шағымдануға болады

Қазақстанда жол сапасына қатысты шағым жинауға арналған Telegram-бот іске қосылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің «Сапалы жол» жобалық кеңсенің әкімшісі Сырым Елубаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының бұйрығымен мен Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығының жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сапалы жол» жобалық кеңсесінің жұмысын жүргізетін болдым. Ол жобалық кеңсенің мақсаты – Орталықтың жұмысына комплаенс саясатын енгізу мен жемқорлықтың алдын алу. Бұл жұмыс – парақорлықпен күрес менеджменті жүйесінің ISO 37001 стандартына сай келеді», – деп жазды Сырым Елубаев.

Оның айтуынша «Сапалы жол» жобалық кеңсесі жол активтерін сараптау саласында сыбайлас жемқорлық жағдайларын анықтау мен алдын алу болып отыр. Осылайша автожол құрылысы саласында жемқорлық фактілерін білген адамдар жобалық кеңсенің sapalyzhol@gmail.com электронды поштасына материалдарды жолдай алады.

«Сонымен қатар, таяудан бері @USO_bot атты Telegram-бот қызметін бастады. Ол арқылы санаулы секундтың ішінде орталыққа жолдың жайсыз күйі туралы хабарлама жолдай аласыз. Ол үшін осы Telegram-ботқа жолдың суреті мен мәтінді, орналасқан жері көрсетілген мәліметті жолдасаңыз болғаны. Сондай-ақ жемқорлық жағдайымен бетпе-бет келсеңіз, 1424 Call-орталығына хабарласуға болатынын еске саламын», – дейді ол.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button