Жаңалық

Көрерменге тарту

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан 26 шілдеден бастап дәстүрлі музыка мен оның тарихынан сыр шертетін «Күміс көмей» ұлттық музыкалық танымдық бағдарламасы эфирге шығады.

Ұлтымыздың дәстүрлі музыкасын насихаттау бағытында қолға алынған жобаға С. Жанпейісова, Т. Нұркенов, Е. Шүкіман, М. Мықтыбаев, Е. Қосбармақов, А. Ноғайбаева, Е. Рысқали, Т. Кененқызы, О. Құлсымақ, А. Өтешов, Г. Сарина, П. Тұрарова, Б. Бәбіжан сынды елге танымал өнерпаздар қатысады. Домбыра, қобыз, сазсырнай, сырнай, жетіген, т.б. аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндері мен күй-термелер орындап, карантиндегі шектеулерге байланысты ұлттық өнерден қол үзіп қалған талғампаз көрерменді әсем әуендермен сусындатады. Сондай-ақ ұлттық музыканың тарихына саяхат жасалады.

Бағдарлама жүргізушісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова.

Жоба әр жексенбі 20:00-де эфирге шығады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button