Жаңалық

2020 жылы ең көп сатылған қандай кітап?

«Киносценарий. Сценарий жазу негіздері» – маманданған әрі сценарий жазуды жаңа бастап жүрген сценаристерге арналған кәсіби оқулық жарық көрді.

Концептіден дайын сценарийге дейінгі сатылы нұсқаулық.  «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылып, 10 000 дана таралыммен басылды.

Бүгінге дейін «Киносценарий» шамамен 40 рет қайта басылып шықты. 25-ке жуық тілге аударылған. Авторы – танымал сценарист Сид Филд. Оның кино саласы бойынша жазға еңбектері ең сатылымды кітаптардың қатарында.

Автор соңғы басылымдарында 70-жылдары шыққан фильмдермен қатар заманауи фильмдерді де қосқан.

Бұл еңбектің ерекшелігі неде?

Киносценарий жазу шеберлігін көрсету үшін белгілі әрі танымал фильмдерді көрнекілік ретінде қолданған алғашқы кітап;

Шығарманы сценарийге бейімдеу тәсілінен бастап идеяны дамыту, кейіпкер қалыптастырып, ойды шашыратпай, өз ретімен жазу жолдарын көрсетеді;

Дайын сценарийді сатудың тиімді жолдарын өте қарапайым тәсілдермен түсіндіреді;

Автор оқырманды «сценарий жазу – үйренуге болатын шығармашылық процесс, өнер деңгейіне дейін көтерілетін кәсіп» екеніне сендіреді;

«Киносценарий» сценарийдің драмалық құрылым қағидаларын анықтайды.

Қазақ тіліндегі басылымын әзірлеген шығармашылық топ

Аудармашы – Гүлжаһан Жолдасбаева, Ұлттық аударма бюросының аудармашысы

Әдеби редактор – Әдина Жүсіпова, журналист, Ұлттық аударма бюросының редакторы

Ғылыми редактор – Әннәс Бағдат, драматург, киносценарист, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының PhD докторанты

Кітап студенттерге және киносценарий жазуды үйренгісі келетін көпшілікке арналған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button